«Антикор орталығында» мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізілді
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) ұйымдастыруымен «Антикор орталығында» мемлекетттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кездесу өткізді.
Кездесуге Департамент басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының прфессоры, заң ғылымының кандидаты, Департамент жанындағы ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесіА.Мадалиева қатысты.
Кездесу барысында, «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген жаңашылықтар туралы баяндама оқылып, қатысушылардан туындағанөзекті сұрақтарға жауаптар беріліп, тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді.