№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » 9 айдың камералдық бақылау қорытындысы

9 айдың камералдық бақылау қорытындысы


Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2022 жылдың 9 айына камералдық бақылау қорытындылары

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен ағымдағы жылдың 8 айында электрондық сатып алу жүйесі қалыптастырған мәліметтер негізінде, камералдық бақылау аясында 6 903 жағдайда 31,08 млрд. теңге сомаға тапсырыс берушілердің шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру рәсімдері қамтылды.
Талдау көрсеткендей, шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін таңдау кезінде тапсырыс берушілермен жиі жол берілетін бұзушылықтар сатып алу нысанасын зияткерлік меншік құқығының объектілеріне негізсіз жатқызу, аяқталғанға дейін шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілін қолдану қажеттілігі туындайтын, бәсекелестік негізде мемлекеттік сатып алуды өткізбей күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу болып табылады.
Сондай-ақ, аумақтық бірлік әкімдерінің аппараттары болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасына сәйкес, тікелей шарт жасасу арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс берушілердің негізсіз таңдауы орын алған.
Камералдық бақылау объектілеріне 1,29 млрд.теңге сомасына бұзушылықтарды жою туралы 389 хабарлама жіберілді.

ҚР ҚМ ІМАК Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті
30 қыркүйек 2022 ж. 597 0