№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » «Сатып алушыға қосымша тауарлар мен қызметтерді таңу заңсыз»

«Сатып алушыға қосымша тауарлар мен қызметтерді таңу заңсыз»


Соңғы уақытта тұтынушыларға автокөлік сату кезінде автокөлік салондары тарапынан оларға құны 500 мың теңгеден және одан да жоғары асатын қосымша опцияларды таңуға қатысты шағымдары жиілеп кетті.

Мысалы, тұтынушы автокөлік салонына келіп, өзі үшін автокөлік таңдап, соған сәйкес ол прейскурантта көрсетілген бағаны төлеуге дайын. Бірақ мұнда олар оған осы машинаға бірқатар қымбат құрылғыларды сатып алу керек деп мәлімдейді.Бұл ретте автокөліксалондардың әрекеттерінде қолданыстағы заңнама талаптарының бұзылуы байқалады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 28-бабына сәйкес сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) бір тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуды өзге де тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) міндетті түрде сатып алумен байланыстыруға тыйым салынады.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне  сәйкес жосықсыз бәсекелестікке мәжбүрлі ассортиментпен тауар өткізу (сатып алу) жатады, ол үшін жауапкершілік ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген.Осындай бұзушылықтың салдарынан тұтынушыға келтірілген залалды сатушы толық көлемде өтеуге тиіс. Есіңізде болсын, Сіздің тауарлар мен қызметтерді еркін таңдауға құқығыңыз бар!

Егерде сатушы Сізге "міндетті түрде" белгісімен басқа өнімді ұсынса, Сіздің заңды тұтынушылық құқығыңызға қол сұққан сатушыға наразылықпен жүгінуге құқылысыз.Мұндай наразылық сатушыға жеке тапсырылады, не тапсыру туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі. Наразылықты сатушының (өндірушінің, орындаушының) электрондық поштасына да жібере аласыз.
Кәсіпкер наразылықты қарауға және оны алған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қажетті құжаттардың көшірмелерімен дәлелді жазбаша жауап беруге міндетті.

Егер кәсіпкерден жауап келіп түспесе немесе ол бұзушылықтарды жоюдан және келтірілген залалды өтеуден бас тартса, онда Сіз Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне немесе Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшесіне жүгінуге құқылысыз.

Сонымен бірге, Департамент барлық тұтынушыларға заңдылық тұрғысынан тегін кеңестер береді. Бұл ретте департамент тұтынушыларға наразылық дайындауға, сотқа талап арыздар әзірлеуге көмек береді. Қауырт желі телефоны: 8(7242) 235066, 235072.
01 маусым 2022 ж. 264 0