Қыс кереметі
"Болашақ" бөбекжай бақшасының "Өнерлі балақай" кіші тобында "Қыс кереметі" атты іс-шара өтті. Аудан төңірегіндегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының көш басшысына айналған балабақша тәлімгерлері өз тәжірибесін бөлісті.
-Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?
-Күн суық болады, қар жауады, жел соғады, мұз болады.
-Мұз.
Ал, енді «Қыс қызығы» ойынын ойнайық.
Сергіту сәтінде:
Шараға қатысып, балалардың даму деңгейіне мән берген балабақша әдіскері Айжан Үсенбекова шараға оң бағасын беріп, шараны қорытындылады.
Тәлім алушы 15 баланың көңіл-күйін көтеру үшін сергіту сәтін топ тәрбиешісі Ақтолқын Сарбасова ашық сабағын бастады.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі...-Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?
-Күн суық болады, қар жауады, жел соғады, мұз болады.
Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Үш ай. Желтоқсан, Қаңтар, АқпанЖарайсыңдар балалар:
-Ал балалар бүгін біз «Қыс қызығы» туралы үйренеміз. Қыс мезгілі туралы көптеген суреттер, әндер, тақпақтар бар екен. Балалар өздерінің қыс тақырыбындағы әндерін шырқайды.
-Мінеки, балалар мына суретке қараңдаршы, дала аппақ, қар жауып тұр, балалар таза ауада серуендеп жүр екен. Олар өздеріне ұнайтын ойындарды ойнап жүр.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер шешуін табыңдар.
Қыста ғана болады,Ұстасаң қолың тоңады.
-Қар.
Суға салсаң батпайды,
Отқа салсаң жанбайды.-Мұз.
Ал, енді «Қыс қызығы» ойынын ойнайық.
Ойынның шарты:
Балаларға қысқы боран, аязды күн, тымақ, тон, қысқы табиғат, қарда жүрген аңдар беріледі. Балалар суретке қарап әңгіме құрастырады.
Балалар енді бейне таспадан өздерінің қысқы серуен кезінде ойнаған ойындары, аққала жасаған сәттері көрсетілді. Сергіту сәтінде:
"Ішік, пима қолғап бар
Арада жоқ тоңғақтар
Баста қолың малақай
Біз тоңбаймыз алақай".
Ойынның шарты бойынша қиындыдан жабыстырылған аққаланың жетіспейтін бөлігін тауып жабыстыру. Ал енді сурет салайық.
-Жарайсыңдар, балалар. Енді тыныс алу жаттығуларын жасаймыз.
Балалар қар ұшқындарын ұшырамыз.
Демімізді ішке тартып үф – үф – үф дейміз.
Тәжірибесі толысқан тәрбиеші Ақтолқын Сарбасова психо жаттығу кезінде
«Ыстық – суық» ойынын өткізді.Шараға қатысып, балалардың даму деңгейіне мән берген балабақша әдіскері Айжан Үсенбекова шараға оң бағасын беріп, шараны қорытындылады.
Мақпал Патенова.