№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Креативті тәрбиеші: баланың қабілетін қалай ашамыз?

Креативті тәрбиеші: баланың қабілетін қалай ашамыз?

«Балапан» бағдарламасында «Ерте жастағы балалармен жұмыс жасау үшін креативті-гувернер тәрбиешілерді дайындау маңыздылығы» айқын көрсетілген. Осы тұста, аудандағы бірқатар балабақшалардың тәлімгерлері креативті маманның маңызы, қарым-қабілеті төңірегінде ой бөліскен еді.
Ақтолқын САРБАСОВА,
«Нұр-Жайна» балабақ­шасы­ның меңге­рушісі:
– Балабақшаға әр түрлі мінездегі балалар келеді. Бірі ерке, бірі тұйық, бірі елгезек. Міне, осындай бала­ларға бір ортада тәрбие беріп, олар­дың дарынын ашу міндетіміз. Бүлдіршіндерге білім мен тәрбие беруде осы талап тұр­ғы­сынан жұмыс жасап келеміз. Тәр­бие­шілердің күнделікті сабағына қа­­­ты­­сып, креативті тәсілдерін жетіл­діруге қолдау жасаймын. Өзім­нің ұзақ жылдар бойы жинаған тәр­бие­­шілік қабілетімді бөлісіп, жүйе­лі жоспардың атқарылуына күш сала­мын. Тәрбиешілеріміз «ойын техно­логиясын» жақсы меңгерген. Ойын арқылы балалардың ойлауына, дене­нің дұрыс қалыптасуына көмек береді. Күнделікті әр түрлі ойындарды үйретіп, уақытты тиімді өткізуді басты назарда ұстаймыз.

Ғалия ДОСЖАНОВА,
«Көркем» шағын орталығының тәрбиешісі:
– Шағын орталықтың креатив жобасы – асық ойындарын жаңғырту. Үш пен бес жас аралығындағы бүлдір­шіндердің ұлттық ойындардың ішінде асық ойындарына қызығу­шылығы мол. Асық ойыны баланың саналық тұрғыда дамуына, ойлау қабілетінің дамуына жол ашады. Бала­қайлар «Ханталапай», «Ал­шы», «Тәйкі» ойындарын қызыға ойнайды.
Осы орайда бала бағбандары ойын­ның ережесін жан-жақты білуі керек. Сондықтан, ұлттық ойындар туралы кітаптар оқып, әлеуметтік желіден ойындарды тамашалап жүреміз. Бұл балаға да, ересектерге де тартымды әрі қызықты. Біздің шағын орталық осы бағытта біршама жетістіктерге жетіп келеді.

Кенжегүл ТҰРМАНОВА,
«Қызғал­дақ» балабақшасының тәрбиешісі:
– Мемлекеттік балабақша болған­дықтан балаларға арнайы бекітілген бағдарламамен сабақ өтеміз. Десе де, әр тәрбиешінің мүмкіндігіне сай, креативті жобалар түзіледі. Дамуы тежелген, ойын ашық айта алмайтын балалар үшін «Құм» терапиясын жүргіземін. Құмда баланың саусақ мато­рикасын дамытатын элемент бар. Құм­мен сурет салу арқылы дү­ние­ні тануды, айналаның әсерін сезінуді үйренеді. Салған суреті жай­лы өз ойын айту арқылы тілді дамытуға болады.
Балалар бос уақытында осындай пайдалы терапиямен айналысса, көр­кем мінезділікке, сұлулыққа, та­­за­­­­­лық­қа, жақын болып өседі. Осы тех­нологияны енгізгелі бала­қай­лар­дың бойынан жаңалыққа ұм­тыл­ған жақсы қызығушылықтарды байқап жүр­мін.

Ұлбала Имянинова
«Нұр-Ағжан» балабақша­сы­ның тәрбиешісі:
– Барлық балабақшалар секілді сабақты жоспарлы өткіземіз. Ал, ме­нің өз креативті жобам –би өне­ріне баулу және ән жаттату. Тілі анық емес балаларға ән айтқызу арқылы ортаға қалыптастырып, сөй­леу дағдысын жетілдіруге болады. Ән айтқан балғын келесі жолы өзі тал­пынып тұрады.
Би өнері әсемдік пен әдемілік символы. Биге баулу арқылы бал­ғын­дардың сұлу да сырбаз мінез қалып­тастырғым келеді. «Нұр-Ағ­жан» би тобында өнер көр­сетіп жүр­ген бала­ларымның биін әлеу­меттік желіде жария­лап, даралап, ын­та­сын арт­ты­­руға ты­рысамын. Ата-ана да осы қы­рымды жоғары бағалап, еңбе­гіме жоғары баға беріп жатады.

Жанна Ерубаева,
«Гүл-ару» бала­бақшасының мең­­­­­ге­рушісі:
– Елдегі ахуалға байланысты шек­­теу шараларына сай екі топта 30 бала бар. Кіші топтағы бала­лар әлі анық сөйлемейді. Мінезі құбыл­малы, ызақорлыққа бейім еркетотай балалармен психолог ма­маны ретінде жеке жұмыс жасап, пси­хологиялық түзеу терапиясын қол­данамын. Дене гимнастикасымен қатар тіл, иек жаттығуларын орын­дап, баланың анық сөйлеуіне әдіс-тәсілдер қолдан­ған­ның арқа­сында балабақшаға келіп алғаш тіл ұстартқан жағдайлар көп. Тәсілдеріміздің оң нәтижесі шығар, тілі ашылған балалар бүгінде қата­рының алды болып, өнер көр­сетіп жүр.
Шыны керек, үйінен келгенде от­ба­сындағы жағдайларға байла­нысты кейбір бала көңілсіз келеді. Ата-ананың баласының жайын еске­рмеудің салдарынан селсоқ мінез жамаған баланың бабын табу да оңайға түспей жатады. Тәрбиешілер осын­дай жағдайдағы балаларды на­зарда ұстайды.
Мақпал МАРҚАБАЙ
13 желтоқсан 2020 ж. 1 154 0