№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Тазалық санамыздан басталады

Тазалық санамыздан басталады


Тазалық мәдениетін қалыптастыруды әсілі қазаққа ешкім үйреткен емес. Табалдырығынан бастап төріне дейін таза болуды ұрпағына өнеге еткен текті ұрпақтанбыз. Шүкір, соңғы жылдары кент көшелері келбеттеніп, көркі кіріп, тазалыққа тұрғындар да сергек қарай бастаған сыңайлы. Дегенмен жүйелі жұмысты жолға қоюға мүдделі мекемелердің салғырт қимылдарына қатысты санитарлық жағдай күрделеніп, шағымның саны күрт артқан. Осы мақсатта сенбілік акциясы ұйымдастырылып, оған барлық мекеме қызметкерлері, еріктілер мен кент тұрғындары біркісідей атсалысты.

  Осы сенбіде ұйымдастырылған «Тазалық акциясында» Шалқия трассасы бойында отырғызылған ағаштарды арам шөптен тазартып, суару, ағаштарды қайта тірілту мәселесі тұрды. Осы істе аудандағы барлық ұжым қызметкерлері қоршаған ортаның тазалығына нақты үлес қосуға тырысты.
 Бұл күні «Жаңарған Жаңақорған Жастары» қоғамдық қорының бір топ жігіттері қолкөмектен бөлек көліктерімен де қолғабыс етті. Сонымен қатар көпбалалы аналар да туған жерінің тағдырына, табиғатына бей-жай қарамайтындарын көрсетіп, сауапты істің басынан табылды.

 Кенттің келісті келбетіне биік-биік ғимараттар мен сәулетті нысандар ғана емес, бірінші кезекте, оның тазалығы көрік береді.
Кентте 170-тен аса көше болғанымен, 132-сі ғана ресми тіркелген. Осы кө шеде 80-ге жуық көше комитеттері нақтыланса, қалғанында енді сайланбақ екен.

Бізді қуантқаны, Асхат Құлтас жетекшілік ететін «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жұмыс істеп жүрген оқушылар мен студенттерден құралған жасақтың ауданды абаттандырудағы белсенділіктері.

 – «Жасыл ел» жасампаз жастардың басын біріктірген мекен. Оның әрбір мүшесі аянбай еңбек етіп, өз туған жерінің мәртебесін көтеруде барынша атсалысуда. Жалпы, бағдарламаның негiзгi мақсаты – жастардың күшiмен елiмiздi көгалдандыру, елдімекен айналасын жасыл ағаштармен көркейту, сонымен қатар, жастардың Отанға, жерге деген махаббатын, патриоттық сезiмiн ояту. Ең бастысы – жастардың бос уақытын еңбекпен, тиімді өткізуге баулу, – дейді Асхат.

Биылғы жылы жұмысшы топ құрамына 50 жас қабылданып, қарқынды жұмыс жасауда. Бағдарлама аясында 16 мен 29 жас аралығындағы жастар қабылданады. Еңбекақысы 50 мың теңгені құрайды.

– Сенбілікте 10-нан аса арнайы көлік қоқыстарды аудан сыртына шығарды.
Аудан, кент әкімі аппараты және басқа да мекемелерден барлығы 500- ден астам жанның қатысуымен сенбілік қызу түрде ұйымдастырылыпты.

P.S: Қанша жерден сенбілік өткізіп, қоршаған ортаны, айналаны ретке келтіріп жатса да, кейбір азаматтардың жауапсыздығынан күл-қоқыстар қайтадан пайда болып, тазаланған жерлер қайтадан ластанып жатқандығын көз көрді. Кент ішін айтпағанның өзінде шет аймақтағы жолдардың бойына төгілген қоқыстар келген қонаққа, өтіп бара жатқан жолаушыға елдің тазалыққа деген көзқарасын көрсетеді. Құзырлы орындармен кент көшелеріне рейд жүргізіліп, тұрғын үйлер арасында белгіленбеген жерлерге күл-қоқыс төккендерге заң шеңберінде шара қолдану іске асырылатын болады.




Лаура БИБАСАРОВА
03 тамыз 2022 ж. 377 0