№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бар жақсылық балаларға

Бар жақсылық балаларға

Бала біткенге қуаныш сыйлайтын қыс мезгіліменен қатар келген жаңа жылдық шырша салтанатының орны қай кезде де ерекше. Жылдағы дәстүрге сай кент орталығындағы «Меруерт» балабақшамызда мерекеге ерекше дайындалып, ерекше әсерменен атап өтті. Әрине, қуанса, бала қуансын. Қызылды-жасылды жарықшамдармен безендірілген, түрлі кейіпкерлердің киіміне киінген, сәнді бишілер мен әсем әншілер көздің жауын алады. Әрине, жаңа жыл мерекесінің сәні Аяз ата мен Ақшақарды қуанта келе, балаларға өз сыйлықтарын арнайылап үлестіріп, жақсы көңіл күй сыйлады. Жиналған қауым да, ұстаздар да, ата-аналар да дән риза болды. Нәтижесінде балабақшамыздың жаңа жылдық мерекесі өте жоғары деңгейде аталып өтті.

 Көңілді кешке аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Сермахан Оразгелдиев пен аудандық «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Арман Мәжитов қатысып, балаларға сый-сыйапат үлестіріп, жүрекжарды лебізін арнады.

– Балалар, келе жатқан Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Жаңа жыл әр бала үшін жыл бойы күтетін ерекше мереке. Сендердің жүздеріңнен күлкі, қуаныш көру біз үшін үлкен мәртебе. Сендер осындай ерекше елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақсыңдар. Зерделі де зерек, білімді де білікті болыңдар, – деді Арман Мәжитов.

Сондай-ақ, мерекелік көңіл-күймен балалар жаңа өлеңдер, жаңа жыл тақырыбы бойынша әңгімелер айтып, қызықты қойылымдар тамашалап, жаңа жылға байланысты әр халықтың салт-дәстүрлерімен танысып, өлеңдер оқып, ән шырқап, би биледі. Балалар ертегі әлемін аралап, мерекелік сыйлық алып, қуанышқа бөленіп келді. Ескі жылды ризашылықпен шығарып салған балақайлар жыл басы – қоян жылын ыстық ықыласпен қарсы алды. Ертегі желісіндегі мән мен ән, талғам мен сән де әдеттегі қойылымдардан өзгешеленген бұл думан көптің көңіліне ұмытылмастай әсер қалдырды.
Шара соңында, балабақша құрылтайшысы Айзада Сақтағанова қонақтар мен балаларға алғысын білдірді.

– Бүгінгі іс шара өте керемет өтті. Балабақшамызға құтты қонақтар келіп, балаларды қуантып, ерекше әсерге бөледі. Келер жыл баршаңызға жаңа жеңістер мен жетістіктер алып келсін. Алдағы жылда әр отбасы тек шаттық пен қуанышқа кенеліп, әрдайым еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Жаңа жылда арманмақсаттарыңызға жетіп, биіктерден көріне беріңіздер, – деп қонақтар мен балаларға алғысын білдірді.

Осылайша, мереке қарсаңында керемет көңіл күйге бөленді. Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болсын!

Гүлжан ШЕРУБАЕВА, «Меруерт»
балабақшасының музыкалық жетекшісі
06 қаңтар 2023 ж. 334 0