№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балаларды қуанышқа кенелткен шырша

Балаларды қуанышқа кенелткен шырша

Жаңа жыл ең алдымен балалар мен бүлдіршіндер асыға күтетін мейрам. Осы күнде олар ертегілер әлеміне саяхат шегіп, ғажайып сәтті ерекше сезінеді. Міне, осындай құбылысты жандандырып, балаларға қуаныш сыйлау мақсатында аудандық «Amanat» партиясы ұжымы кент орталығындағы арнайы балабақшаның бүлдіршіндеріне жаңа жыл қарсаңында сый-сияпатын көрсетті.

 Бұл күні балаларды сүйікті мерекесімен арнайы құттықтауға келген кент әкімінің орынбасары Алма Мамирова сөз алып «Жаңа жылда жаңа жоспарлар жүзеге асып, үмітіміз оңынан ақталып, балаларымыздың жүзінен қуаныш кетпесін!», – деген ыстық лебізін білдірді.

Көңілдері марқайған балалар алдында сөз алған Арман Әбілпейісұлы:
– Жаңа жыл балалар үшін әлемдегі қуанышқа толы, ең ғажайып мерекелердің бірі. Сондықтан кішкентай балақайларымыз Жаңа жылдан тек жақсылық күтеді. Осы орайда қамкөңіл балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, олардың бойына өмірге деген құштарлық нәрін себу мақсатында партия атынан қайырымдылық шарасын ұйымдастыруды жөн көрдік. Ұжым болып ақылдаса келе арнайы балалар тәрбиеленетін орталықты таңдап, бүгін міне, жүздері қуанышқа, шаттыққа толған бүлдіршіндерді көріп біздің де қуанып жатқан жайымыз бар, – деді тәрбиеленушілердің армандары мен тілектерінің орындалуына тілектестігін білдіріп.

Одан әрі салтанатты шара аясында бүлдіршіндер мекеніндегі жаратылысы ерекше 40-қа жуық балаға тәттілер мен түрлі ойыншықтар тарту етілді. Ал жаңа жыл кешінің басты кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақардың келуін асыға күткен балалар жаңа жылға арналған тақпақтарын арнап, әндерін, би қойылымдарын ұсынды. Сондай-ақ бұл күні ертегілер әлемінің қаһармандары сомдаған түрлі қойылымдар да балалардың қуанышын еселей түсті.

Ал балабақша меңгерушісі Жамал Әлібекқызы: «Біздің орталықтың құрылғанына биыл 7 жыл толды. Осы жылдар ішінде жаңа жыл мерекесін ұмыт қалдырғанымыз жоқ. Балаларға сыйлық алуға, тамаша кешті ұйымдастыруға демеушілік жасағаны үшін аудандық «Amanat» партиясы ұжымына алғыс айтамыз» деді ол.

Расымен балалар үшін жаңа жыл қиял-ғажайыпқа толы мереке. Өйткені бұл күн барлық бала атаулының аңсаған армандарының орындалатын күні.Сондықтан болар осынау бір мерекені бүлдіршіндер тағатсыздана күтеді. Тіпті алаңсыз тірлік еткен балалар үшін Аяз атадан артық жомарт жан, жаңа жылдан артық мереке жоқ шығар. Сол себепті қамкөңіл балапандардың көңіліне қуаныш, жылу сыйлай келген жомарт жандардың бұл ісі көпке үлгі болып, жалғасын таба берсе деген тілектестігімізді білдірдік.

Лаура БИБАСАРОВА


29 желтоқсан 2022 ж. 250 0