Балаларға қуаныш сыйлады
Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Қамқорлық» дағдарыс орталығында «Жарқыра, шаттықшыршасы!» атты жаңа жылдық шыршасы өтті.
Жаңажылдық шараға департамент басшысы Ерсейтов Ардақ арнайы қатысып, орталықта тұрып жатқан балаларды жаңа жылдық мерекесімен құттықтап, жаңа жыл – әр баланың жыл бойы асыға күтетін мерекелерінің бірі екендігін атап өтіп, ыстық лебізін білдірді.
Шырша шамын жағуға жиналған оқушылар Аяз ата мен Ақшақарды ерекше қуанышпен қарсы алып, түрлі қойылымдағы ән мен би өнерін тамашалады.
Қызылорда облыстық Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің қызметкерлері түрлі анимациялық бейнелердің киімін киіп, көтеріңкі көңіл-күймен жаңа жылды қарсы алған бүлдіршіндер ертегілер еліне саяхаттады.
Департамент тарпынан «Қамқорлық» дағдарыс орталығының барлық балаларына жаңа жылдық мерекесіне арналған сыйлықтар табысталды.
Сонымен бірге, Департамент тарапынан әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың, оның ішінде төсек тартып жатқан балалардын отбасына барып жаңа жылдық көңіл-күй сыйлап, балаларға түрлі сыйлықтар сыйлады.
Шара соңында көңіл күйлері шаттықа толы балалар мен аналары өз ризашылықтарын білдіріп, жүрекжарды лебіздерін жеткізді.