№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дариядан қауіп бар ма?

Дариядан қауіп бар ма?

Биыл дария деңгейі арнасына толықты. Жыл да көктемде көңіліміз құлазып, дария деңгейінің тым төмен түскені алаңдататын. Әсіресе, диқан қауым күріштікке аяқ су жеткізе алмай қаламыз ба деген уайымнан арыла алмай жүретін. Бірақ, биыл табиғаттың тосын мінезі бізге «тосын сый» жасады. Өзен кемеріне жетіп, іргедегі кейбір ауыл халқы алаңдаулы. Осы мәселе жөнінде төтенше жағдайға жауапты мамандармен сөйлескен едік.

 Алдымен Сырдың суын, қазіргі келбетін көзбен көрдік. Егіс басында жүрген мамандардың айтуынша осы судан қауіп болмаса игілігімізді идіріп қалу керекпіз. Алайда, су ұстайтын тоспа жоғы өкінішті. Бұл жоғары биліктің шаруасы, дегенмен тоспа салу ісі жылда қозғалады.

– Жаңақорған ауданы аумағында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай жалпы ұзындығы 215 шақырымды құрайтын Сырдария өзеніне қазіргі таңда жоғарыдан 580 м куб/с су түсуде, судың температурасы 0 градус, ауа температурасы – 1 градус. Сырдария өзенінің Төменарық ауылының тұсынан 2 шақырым жерде мұз ұстасқан. Қазіргі таңда төмен қарай 10-15 пайыз мұз жүруде. Мұздың қалыңдығы шамамен 10-15 см, – деді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Елжан Шегебаев.

Өзен бойында жалпы ұзындығы 54,94 шақырымды құрайтын қорғаныс бөгеттері бар екен. Олар: Көктөбе – 5,87 шақырым, Қалғансыр – 2,38 шақырым, Жаңақорған-Төменарық – 34,18 шақырым, Байкенже – 3 шақырым, Қожакент– 9 шақырым, Қауық – 0,5 шақырым. Жауапты мамандар бұл қорғаныс бөгеттерінің жағдайы қалыпты дейді.

– Сырдария өзенінен бөлініп шығатын Келінтөбе магистралды каналы арқылы секундына 4 метр куб, Сумағар магистралды каналы арқылы секундына 0,5 метр куб, Тайпақкөл магистралды каналы арқылы 2 метр куб, сондай-ақ Молдавайка шлюзі арқылы секундына 2 метр куб көлдер мен шабындықтарға су алынуда. Қазірг таңда аудан көлеміндегі көл-шабындықтар 60-65 пайызға толды, – деді салаға жауапты маман.

Өте дұрыс, өйткені, көлдерді кемеліне келтіріп алу маңызды. Биылдан бастап бірнеше көл тауарлық бағытта болады. Бұл деген сөз тауарлы бағыттағы көлдер мемлекеттен қолдау көреді, яғни субсидия ала алады. Бұл тәсілді әзірге ауданда бір ғана көл алып, әрекет жасауда.

Сырдария өзені мен каналдарға, көлдерге жауапты мамандар тарапынан бақылау жұмыстары жүргізілілуде екен. Сонымен қатар Сырдария өзенін бойындағы 4 қауіпті аймақтың әкімшілігінің (Көктөбе ауылы, Қандөз ауылының Қалғансыр елді мекен, Аққұм ауылының Қауық көшесі, Төменарық ауылы) тапарынан тәуліктік кезекшіліктер қойлыған. Қауіпті аймақтарға жауапты мекемелер бекітілген. Сырдария өзенінің жағалауында отырған барлық шаруа қожалықтарына ескерту хаттары беріліп, әлеуметтік желелерге жарияланды деген мәліметі бар.

– Сырдария өзенімен келген мол суды қауіпсіз өткізу мақсатында аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің күшімен өзеннің есік пантон тұсынан 50 метр жеріне көтеріліп, қорғаныс бөгеті салынды және Жаңақорған кентінен Жаңарық ауылына баратын автожолдың 80 метр жеріне топырақпен көтеріліп, қорғаныс бөгеті салынды. Сырдария өзенінің жағасына жайылған суларды қауіпсіз аймаққа жіберу мақсатында барлық арналар ашылып, шабындықтарға жіберіліп, қауіпсіз арналар арқылы өзенге қайта құйылуда. Жағдай толық бақылауға алынған. Қазіргі таңда өзен суынан елді мекенге ешқандай қауіп жоқ, – деп қорытты бас маман.

Алғашқы күндері дария сағасындағы ауылдар сәл сескенген еді. Алайда, мамандар қауіп жоқ екенін алға тартты. Бұл іске байланысты аудан орталығында тасқынға тосқын есебінде оқужаттығу жиындары өтіп тұрады. Алғашқы көмек, азық-түлікпен қамтамасыз ету сынды шаралар пысықталып келеді. Жаман айтпай жақсы жоқ демекші, бұл да өткінші жағдай болсын дейміз. Әйтпесе іргелес жатқан Қожакент, Жаңарық, Жаңақорған кентінің жағажайы да суға малынып жатқаны жанға батады. Ең бастысы, айтарлықтар қауіп төніп тұрған жоқ, қалғанын уақыт көрсете береді.

Әлібек Жарықбаев


05 қаңтар 2023 ж. 291 0