Сыбайлас жемқорлық қоғам қасіреті
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті облыстық білім басқармасы және оған қарасты мекемелер қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстары басталғаны туралы хабарлайды.
Талдау барысында Департаментпен білім саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен шарттары, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі, сатып алу процесі, мемлекеттік қызметтер көрсету және басқа да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары бағыттар зерделенеді.
Осыған байланысты, облыс тұрғындары тарапынан талдау жұмыстары бойынша ұсыныстар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болған жағдайда, taldau-kzo-2022@mail.ru электрондық поштасына және WhatsApp +7 707 282 21 51 жолдауға, сонымен қатар Департаменттің кезекші бөлімінің 23-06-90 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.