№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аралда Астананың «Қасиетті жол» оңалту орталығы қабылдау өткізді

Аралда Астананың «Қасиетті жол» оңалту орталығы қабылдау өткізді

  Астанадағы №2 қалалық балалар ауруханасындағы балаларды  «Қасиетті жол» оңалту орталығының білікті мамандары Аралда сал аууына ұшыраған  балаларды қабылдау өткізді.

       Білікті дәрігерлер Аралдағы ерлі-зайыпты Қуаныш Шыңжанов пен Мадина Ликерованың «Қуаныш» жаңа медицина орталығы ғимаратында сал ауруына шалдыққан балаларға емдеу шараларын жүргізді.Аталған оңалту орталығының құрамындағы неврапотолог, реабилитолог, ортопед, дефектолог, емдік дене шынықтыру, логопед - барлығы 14 маман балалармен қатар олардың ата-аналарымен де жұмыс жасап, аудандағы неврапотолог дәрігермен де өзара тәжірибе алмасты.
«Қасиетті жол» оңалту орталығының директоры Айнұр Нұрқожаеваның айтуынша, мамандар тобы ауданда шілденің 8-інен бастап 92 баланы қабылдап, балаларды емдеу, оңалту бағытындағы кеңестерін беріп, одан әрі емделу жолдарын да түсіндірген.
  «Nur Otan» партиясы мен «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының қолдауымен ашылған «Қасиетті жол» қайырымдылық қоры жанындағы оңалту орталығы жылына екі жүзге жуық баланы емдейді.  Бес жылдан бері үздіксіз медициналық көмек көрсетіп келе жатқан орталық науқастарды мемлекеттік бюджет есебінен емес,  қайырымды жандар мен меценаттар күшімен жүзеге асырып келеді.
Ескендір Ертай
13 шілде 2019 ж. 928 0