№63 (8567) 9

09 тамыз 2022 ж.

№62 (8566) 6

06 тамыз 2022 ж.

№61 (8565) 2

03 тамыз 2022 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қызылордада екі айда жүзден аса қыз-келіншекке кәсіпке қатысты кеңес берілді

Қызылордада екі айда жүзден аса қыз-келіншекке кәсіпке қатысты кеңес берілді




Қызылорда облысында 15 наурызда ашылған Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығынан екі айда 105 адам кеңес алды.
Кеңес алушылардың басым бөлігі - қала тұрғындары.Орталыққа келген қыз-келіншектердің 38 пайызы кәсіппен айналысушылар, қалғандары ісін ашуды жоспарлап отыр.

Кәсіпкерлер палатасындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Аманова кәсіпкер қыз-келіншектерге ментор болып, бағыт-бағдар беріп жатқанын жеткізді.

«Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы - мықты жоба. Қазір кәсібін ашқысы келетін арулардың қатары артып келеді. Мысалы, Қызылорданың өзінде кеңес алған жүзден астам қыз-келіншектің 60 пайыздан астамы жаңадан іс бастап көрмекмек. Осы кеңес алған қызылордалықтардың арасында сауалнама жүргізу барысында кәсіптерін ашу, жетілдіру үшін арнайы оқыту курстарын ұйымдастыруды, соның ішінде SMM курсын оқытуды сұрады. Өткен аптада Кәсіпкерлер палатасының алаңында оқыту курсын өткіздік. Аталған шараға қызылордалық қыз-келіншектерден бөлек, еліміздің басқа өңірлерінен онлайн қатысқандар да болды.  Барлығы 45 адам оқыды», – дейді ментор Жанна Аманова.


Ментор курсқа қатысушыларға әлеуметтік желінің әлеуетін пайдаланып, кәсібін, өнімін таныстыру, насихаттау, тұтынушылар табу, жалпы SMM стратегиясын жасауды үйреткен. Алдағы уақытта курсқа қатысушылардың әрқайсымен тәлімгерлер арнайы жұмыс істейді.
Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының мамандары жыл соңына дейін бірнеше оқыту курсын өткізуді жоспарлап отыр. Ол үшін аймақтағы қыз-келіншектер орталыққа келіп немесе хабарласып, қызығушылық танытқан саласы бойынша сұраныс жасай алады.
Айта кету керек, Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы еліміздің барлық өңірінде ашылған. Жобаны Азия даму банкінің қаржылай қолдауымен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы мен «Атамекен» ҰКП жүзеге асырып жатыр.

Аймақта кәсіппен айналысамын деген қыз-келіншектер Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығынан кеңес ала алады. Мекенжайы: Қызылорда қ., Қорқытата көш.,123, 1-қабат («Бизнеске арналған Үкімет» ғимараты), 8/7242/400202. Кеңесші: Нұрханова Жадыра Мейрамбекқызы, 8 705 116 19 10 (Whatsapp).

                                                                                                          Қызылорда облысы
                                                                                                          кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі


17 мамыр 2022 ж. 87 0