№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мейірімділік - ғажайып өмір есігі

Мейірімділік - ғажайып өмір есігі

Адам баласы бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік көрсету арқылы жақсылық жасайды. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ халық даналығы. Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Ол – ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетіне, адамгершілік қарым-қатынасын таразылайтын өлшем болса керек. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық кітапханада «Мейірімділік ғажайып өмір есігі» атты қарттар мен ерекше күтімді қажет ететін балалардың құрметіне ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада біз осындай ой түйдік.


  Атаулы қонақтары ардагер журналист Ерубай Қалдыбек, еңбек ардагері, гир тасын көтеруден халықаралық әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері Серік Ибрагимов, спорт мектебінің директоры, облыстық ұлттық ат спортының аға жаттықтырушысы Ислам Боранбаев, облыстық еркін күрестен аға жаттықтырушы Серік Әбдімәуленовтер өз өткен өмір жолдарынан жастарға тәрбиелік мәні зор әңгімелерден сыр шертті.

Аталған шарада сөз алған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Аягөз Айдосова қатысушыларға ыстық лебізін білдірді.
– Өміріміздің мәні мен сәні де осы балалар ғой. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан мүгедектер үшін көптеген бағдарламалар жасақталып, жұмыстар жүріп жатыр. Ең бастысы, мүгедек балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасауымыз керек. Жалпы баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда ерте диагностикалау мен түзету маңызды. Мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек. Ауданда тағдыр тауқыметіне түсіп, туа бітті кемтарлыққа немесе жол көлік апатынан мүгедек болған балалар аз емес, – деген ол бөлім тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Шара соңы, «Ақжүрек» қоғамдық қорының төрағасы О.Пазыловтың демеушілігімен арнайы тәттілермен мерекелік дастархан басында сыр-сұхбатқа ұласты. Арнайы сый-сияпатқа ие болған жандар өздеріне жасалған жанашырлыққа ризалықтарын білдіріп, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсынған жандарға алғыстарын жеткізді. Жан әлеміндегі теңдесіз жылу – жүрек жылулығы. Қиялға қанат қағып, көкке самғағысы келетін жандарға жүректегі бар жылылықты беруден асқан бақыт жоқ.

Әсел РЗАЕВА



16 сәуір 2023 ж. 457 0