№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Мейірімді әлемді іздедім...

Мейірімді әлемді іздедім...

Бәлкім, сізде мен секілді мына әлемнің қатыгез екендігіне алаңдап отырсыз ба? Ел арасында «Әлем мейірімді адамдарға толы» деген ұлағатты сөзін жиі естуші едім. Өкінішке орай, мейірімділік пен қайырымдылық сынды қасиеттер кенжелеп, жауыз қоғамның кейпін
киіп барамыз.
Мейірімділік – адам бойындағы игі қасиеттің бірі. Мейірімділік – өмірдің мәні. Адамның бір-біріне деген мейірімі арқылы өмір шуақтанады. Жаңадан туылған сәбиге ана өз мейірімін төгеді. «Айналайын» деген сөздің астарында қандай мейірім жатыр. Мейірімділік – адамның жүрегі арқылы күлімдеген жүзінен мейірім оты көрінетін сезім. Бұл қасиетті әркім әрқалай түсінер. Бірақ бұл қасиет қазіргі таңда жоғалып бара жатыр. Ата-анасын қарттар үйіне апарып тастаған балалардың, баласын туа сала әжетханаға тастаған көкек аналардың, бауырын мұра үшін ештеңеден тайынбайтын ағайындылардың, жетім­дерді шырылдатып балалар үйіне тасатаған безбүйрек ата-аналардың, досын атақ пен даңқ үшін аяғынан шалған достардың көбеюі жүректі ауыртады. Одан қалса, қыстың қақаған аязында, жаздың аптап ыстығында қол жайып, тыйын-тебен сұраған қайыршыны көргенде аяйсың. Жүрегің шымырлайды. Қалтаңдағы соңғы тыйыныңды бересің.
Жақында ғана жантүршігерлік оқиғаны естіп, көңілім қатты құлазыды. Үш баласы бар ана өзімен қоса ішінен шыққан үш перзентін тоғызыншы қабаттан лақтырғанын естідік.  Бұл оқиғаның ақ-қарасын мамандар анықтап, себеп-салдарын түсіндірер.
Мейірімділік – адамның бойындағы ең жағымды қасиеттердің бірі. Түсінген адамға бала бақыт, бала қуаныш, бала жүрегіңіздің жартысы мен жан жүрегіңіз. Балаға мейірімді болудың ешқандай да зияны жоқ қайта балаңыз өскенде, өз айналасына үнемі жаны ашып жүретін, үлкен тұлға болып өседі. Мейірімділік әрбір жанның бойында бар қасиет. Тек сол мейірімділікті көп адамдар «ұйықтатып» тастаған. Оны оята білу керек. Адамның өмірінде түрлі жол айырығы кездеседі, оны жолдан тайдыратын кедергілер жолығады. Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүруге тырыспау керек. Жүрегімізді тыңдап, ақылға еріп, тура жолды тауып, сол жолдан айнымау қажет. Өзімізге күнде бір жақсылық жасауға шарт қойып, соны орындауға ұмтылуымыз керек. Мейлі ол болмашы ғана дүние болсын, сонда да ол сіздің жүрегіңізге үлкен қуаныш ұялатады. Сіздің жақсылықтарыңыз жиналып, жан рақатыңызға айналады. Әркім жақсылық жасауды өзінен бастап, оны өзгелерге насихаттауға тиіс. Сонда жақсылықтың жібі ешқашан үзілмей, жалғаса бермек.
Мәдина Тұрлыбекова,
№21 «Аққайың» бөбекжай бақшасының меңгерушісі
28 қараша 2021 ж. 1 093 0