№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖОМАРТТЫҚ – АДАМ БОЙЫНДАҒЫ ІЗГІ ҚАСИЕТ

ЖОМАРТТЫҚ – АДАМ БОЙЫНДАҒЫ ІЗГІ ҚАСИЕТ

Жаңақорған ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өтті, – деп хабарлайды баспасөз хатшысы. Акцияға қатысушы барлық 37 әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларына біржолғы азық-түлікпен аудан әкімдігіне қарасты барлық бөлім және мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қолдауымен көмек берілді. 
Бұл қайырымдылық шара "1 наурыз-Алғыс айту күні" өз жалғасын табатын болады.
Айта кетейік, барлық әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасылар тізімі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен және Жаңақорған орталық мешіттен алынғанын хабарлаймын. 
Көмек көрсетілген отбасылардың фотолары жарияланбайды.
Жомарттық, жауанмәрттілік – адам бойындағы ізгі қасиет. Абайдың 38-қара сөзінде жауанмәрттіліктің үш сипаты айтылады. Олар: шындық (сидық), ақ пейілділік (кәрәм), даналық (ғақыл). Осы үш сипаттан тағы үш түсінік тарайды: шындықтан әділет, ақпейілділіктен шапағат, даналықтан (ғақылдан) ақиқат мағлұм болмақ. Бойында осындай қасиеттері бар жан жомарт аталса, оның жасаған істері Жомарттық деп аталады. Абай мұндай адамдар қатарына пайғамбарларды, әулиелер мен хакімдерді жатқызады. Адамның бәрі пайғамбар, әулие, хакім бола алмағанымен, Жомарттық – осы жолға бастайтын қасиет. Сондықтан, жомарттық жасап жарысайық, ағайын..!
24 ақпан 2019 ж. 1 987 0