№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » ЕЛІМІЗДІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ

ЕЛІМІЗДІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ



Бүгін Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қолдауымен «Жасампаз жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Еліміздің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 30 жыл» тақырыбында « ZOOM» платформасымен мерекелік шара өткізілді. Шараға Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, «Ұрпақтан ұрпаққа » қоғамдық бірлестігінің төрайымы, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Әзия Қыстаубаева, «Nur Otan» партиясы Жаңақорған ауданы филиалы депутаттық фракция мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары Мажит Балқожаев, Жасұлан Амалбеков, Мен Оразгелдив Сермұхамед, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Ақерке Сақтағанова және осы бөлімнің басшысы мен қызметкерлері және түрлі санаттағы қарттар мен жастар қатысты. Шараны ашып берген Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Аягөз Нұржанқызы: «Тәуелсіздік – кез келген халықтың ең үлкен құндылығы. Өйткені тәуелсіздік жоқ жерде еркін даму мүмкін емес. Сондай – ақ аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Азия Қыстаубаева апамызда еліміздің бақытын тербеткен Тәуелсіздігімізді қадірлеу керектігі жайлы сөз қозғады. Шара соңынан қатысушылар атынан Келінтөбе, Қыраш, Сунақата елдімекендеріндегі түрлі санаттағы қарттарымыз өз пікірлері мен алғыстарын білдірді.
13 желтоқсан 2021 ж. 541 0