Соңғы жаңалықтар

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Тәрбиешілердің тәлімі сыналған сайыс

Тәрбиешілердің тәлімі сыналған сайыс

«Тәрбие тал бесіктен» деген қанатты сөзді балабақшада балап айтатын да жайымыз бар. Бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі ел тізгінін ұстар азамат. Болашаққа деген бағдарды бағыттау, әрі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілердің білімі мен біліктілігін байқап, шыңдау мақсатында «Кәусар-Д» бөбекжай жеке балабақшасында «Ұстазым-ұлағатым» атты сайыс ұйымдастырылды.

 Бала жанының бағбаны – тәрбиешілер мен олардың көмекшілері бір топқа бірігіп, әр топтың жетекшілері өзара сынға түсті. «Таныстыру», «Өз өнері», «Қолөнері» және «Панограммалық ұйымдастырылған оқу ісәрекеті» бөлімі бойынша өзара бақ сынасты. Нәтижесінде, «Жауқазын» тобының тәрбиешісі Фариза Әуелбек пен көмекшісі Ақмарал Балғабаева көптен дара шығып, барлық сайыс бойынша жоғары көрсеткішті иеленіп, 1 орынды алды. Ал, «Балдырған» тобының тәрбиешісі Ақмарал Жидебаева мен көмекшісі Раушан Бурисбаева 2 орынның тұғырынан көрінді. Балабақшаның ең кішкентай бүлдіршіндеріне тәлімгерлік ететін «Балдәурен» тобының тәрбиешісі Дана Әшімқызы мен көмекші Ақорын Райымбердиева үздік үштіктен көрінді. «Кәусар-Д» бөбекжай жеке балабақшасының меңгерушісі Айгүл Кожантаева:
– Жаһандану заманы жаңашылдықты талап етеді. Күндегі прогреске икемделу, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа методикалары жаңа ғылым болып жарыққа шығуда. Тәрбиеші қауым осындай жаңалықтың барлығынан хабардар бола отырып, қоғам көшінен тыс қалмауы қажет. Олардың бойында заманауи құзіреттіліктің барлығы табылғаны абзал. Осындай мақсатпен ұйымдастырылған сайыс тартысты әрі қызықты өткізілді. Десе де, шынайы білікті мамандар жетістікке жетті, – деді.

Балабақша ішінің көркін келтірген көрнекіліктер мен қызықты өнер сайыстарына жалғасқан салтанатты шара осылайша өз мәресіне жетті. Игі сайысқа балабақша меңгерушілері, әдіскер мен ата-аналар әділқазылық етті. Тәрбиешілердің жан-жақтылығы мен біліктілігін талап ететін мұндай нәтижелі сайыстар тәлімгерлерді ынталандыру мақсатында түрлі бағытта әлі де жалғасын таппақ.

Мөлдір Шонабаева, «Кәусар-Д» бөбекжай
жеке балабақшасының әдіскері




21 желтоқсан 2022 ж. 208 0