№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Баланың бал күлкісі

Баланың бал күлкісі


Бесарык бекеті клуб үйінің ұйымдастыруымен «Баланың бал күлкісі» атты балабақша бүлдіршіндері арасында сайыс өтті. Сайыс – таныстыру, өз өнері, спорттық сайыс және бата беру бөлімдерінен тұрды. Төрт кезеңнен сүрінбей өткен «Балбөбек» шағын орталығының бүлдіршіндерін сайысқа қосқан тәрбиешісі Кенжекүл Тілепбергенова бірінші орын, «Диас-Ш» балабақшасы тәрбиешісі Гулжан Айсееваның тобы екінші орын, «Қосекен» балабақшасының тәрбиешісі Феруза Матеваның тобы үшінші орын иеленді.
Қызықты сайыстың қортындысында ауыл әкімі Ербол Тақырбасов үздік шыққан ұжымды марапаттады. Клуб меңгерушісі Жәнібек Сыздықов алдағы уақыттта осындай шаралар жиі ұйымдастырылатынын жеткізді. Ұжымның бірлігін, ауызбіршілігін және татулықты қалыптастыратын сайыс көпшіліктің көкейіне жүрек жылуын ұялатты.
Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ.
17 сәуір 2018 ж. 1 557 0