№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » «Алтын жұлдыз» Сұлтанмахмұдта

«Алтын жұлдыз» Сұлтанмахмұдта

Алматы шаһарынан сүйінші хабар жетті. Тәуелсіздігіміздің мерекесіне орай  «Тәуелсіздік – Туымыз – тәубе! – деген жырымыз» Республикалық жыр-күй жасөспірімдер мен жастар арасында өткен байқауда Сұлтанмахмұд Төлеген «бас жүлдені » және Алтын жұлдызды иемденді.
№110 мектеп-лицейдің 7 ынып оқушысы Сұлтанмахмуд Абайұлы соңғы жылдары жұлдызы жанып, республикалық, халықаралық деңгейде өткен өнер байқауларында жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр.
Бұл жолы 150-ден астам жас өнерпаз хореграфия, вокал, көркемсөз оқу және домбыра номинациясы бойынша сынға түсті. Вокал номинациясы бойынша 36 жасөспірім бақ сынады. Онда алғашқы күні Сұлтанмахмұд әнші, ақын, композитор Жаяу Мұсаның «Ақ сисасын» ерекше шабытпен орындап, ақтық сынға жолдама алады. Екінші күні халық әні «Дайдидауды» орындайды. Жас өнерпаздың бұл әні әділ қазы алқасының көңілінен шықса керек-ті, әнді екінші рет орындауды ұсынады. Сұлтанмахмұд бұл жолы «Майра» продюсерлік орталығының жетекшісі, Майра Ильясова қосылып шырқады. Мұндай қолдауға кез келген өнерпаз жете бермейтіні анық.
Байқау қорытындысы бойынша Сұлтанмахмуд жүзден жүйрік атанып, «Алтын жұлдыз» статуеткасымен марапатталды.
– Дана халқымыздың «Бұлақ көрсең көзін аш» деп айтқанындай, Сұлтанмахмұдтың талантын ашып, өнер өлкесінде танымал болуына оған вокал бойынша тәлім беріп, жетекшілік жасап жүрген Қызылорда музыкалық колледжінің оқытушысы Перуза Арғынбаеваның, баламның байрақты байқаулардан қалмай қатысуына мүмкіндік жасап жүрген лицей директоры Әділмырза Таждинов мырзаға алғысымыз шексіз, – дейді оның әкесі Абай Төлегенұлы.
Өнер көгіне қанат қаққан Сұлтанмахмұдқа халықтың мақтанышына айнала бергей, алар асуың мен шығар биігің көп болсын дегіміз келеді.



09 желтоқсан 2022 ж. 64 0