№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жайылымның жайы қалай?

Жайылымның жайы қалай?

Ауыл тұрғындарының мал жаюға арналған жайылымдардың қол жетімділігін арттыру мәселесін шешу өте өзекті мәселеге айналды. Аудандық мәслихатта өткен дөңгелек үстелде осы мәселені шешу жолдары талқыланды. Мәслихат хатшысы Ғалымжан Сопбеков жүргізген ой-пікір алаңына халық қалаулылары Мәжит Балқожаев, Сермұхаммед Оразгелдиев, Бақытжан Төлегенов, Серік Мырзахметов және жер қатынастары бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов, ауылдық округ әкімдері Нұркен Қошқарбаев, Ербол Тақырбасов, Елеусіз Жиенхожаев, Ақжан Тұрғанбаев, Әбдімәулен Сабырханов қатысты.Дөңгелек үстелдің маңызын мәслихат хатшысы Ғалымжан Жарқынбекұлы:
– Сыр өңіріндегі төрт түліктің негізгі бөлігі біздің ауданда. Жасыратыны жоқ, жыл өткен сайын мал басы артып, жайылымдық жер мәселесі өзектене бастады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыны ескеріп, «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында «жайылымдық жерді тиімді пайдалану да өте маңызды. Қазір мал жаятын жерге шаруалардың қолы жетпей жүр» деп ашық айтты. Осыдан кейін Бас прокуратура мен Ауылшарашылығы министрлігі хаттамалық қаулы шығарып, жайылымдық жерді басқару және тиімді пайдалануда нақты талап қойды. Яғни елді мекеннің шеткі үйінен 5 шақырым радиусындағы жерлерді босатуы керек. Арнайы делегация құрылып, ауылдық округтерді аралап, түсіндірме жұмысын жүргізді. Аудандық мәслихаттан 2020-2021 жылға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар ұсынылды. Бұл жұмыстар қай жерге келді? Соңы пысықтап алу үшін бас қосып отырмыз, – деп түсіндірді.
Презижент Жолдауында шаруалардың құқықтық мәртебесі және көрсетілетін қолдау тәсілдері «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» бөлек заңда көрініс табуды және Үкімет бұл заң жобасын қысқа мерзімде әзірлеуді тапсырды.
Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде 9-орында, жайылым жердің көлемі бойынша 5-орында. Алайда ауылда мал жаятын жер тапшы. Тұрғындар төрт түлігін қайда жаярын білмей жүр. Жекешелендіру кезінде ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен жайылымдық жерлерге қол жеткізе алмаған шаруалардың шыдамында да шегі бар анық. Ашығында, бұл күні кеше туындаған проблема емес. Тек соңғы 2-3 жылда өзектілігі арта түсті. Жақын арада шешілмесе, жайылымдық жер мәселегі әлеуметтік шиелініс ошағына айналуы әбден мүмкін. Аудандық мәслихат депутаттары осы тұрғыдағы ойларын ортаға салып, сала басшысы мен ауыл әкімдерінен жұмыс қай деңгейге келгенін сұрады.
– Президенттің талап-міндетін орындау мақсатында Қожакент және Қосүйіңкі ауылдық округін пилоттық жоба ретінде енгізіп, бірқатар жұмыс жүргізілді. Қазір елді мекендердің әкімшілік-аумақтық территориясы сызылды. 5 шақырым радиусына кіріп тұрған шаруа қожалықтар нақтыланды және оларға түсіндірме жұмысы жүргізілып, ауыл тұрғындарының түлігін жоюға қарсы еместігі жөнінде келісім алынуда, – деді Әбілғазы Төлегенов.
Жер мамандарының сөзінше, аудан көлемінде 1 млн. 543 мың гектар жер болса, оның 686 мыңға жуығы шаруа қожалықтардың иелігінде (жайылымдық жері). Егіндіктің көлемі – 44 мың гектарға жуық. Оған аудан әкімі резервіндегі 90 мыңға жуық гектар жерді қосыңыз. Бірақ, ауданда тіркелген төрт түлік бойынша аналық мал басын шаққанда әле 1 млн. 200 мың гектарға жуық жер керек. Бұл – күрделі мәселе.
Жер қатынастарының бөлімінің бас маманы Серік Төлендиев жүргізілген жұмыс жөнінде тоқталып:
– Қазір мал басын заңдастыру, жеке адамның атында тұрған мал басы санын шаруа қожалыққа өткізу жұмысы аяқталды. Бұл не үшін қажет десеңіздер, игерілмей тұрған жер учаскелерін заңдылыққа сәйкес игеру үшін.
Елді мекендердегі аналық мал басы нақтыланып, оларға қанша жайылымдық жер қажет екенін белгілі болды. Жаңарық, Талап, Манап, Қосүйеңкі ауылында жайылымдық жерге байланысты мәселе бар. Мұны Ербол Тақырбасов пен Ақжан Тұрғанбаев та растап отыр.
– Өздеріңіз білетіндей, Талап ауылдық округі тұрғындарының негізгі табыс көзі – мал шаруашылығы саласында. Біздің ауылдық округтің 5 шақырым радиусына енетін жерде бір шаруа қожалықтың 200 гектар жері бар. Бір отар қойымен сол жерде қысы-жазы отырады. Қой деген шөпті қоя ма? Өзінің аумағындағы шөп қоры таусылғаннан кейін елді мекенге қарай қойын өрістетеді. Ауыл тұрғындары осыған наразы. Кәсіпкер болса өзінің жайылымдық жеріне мал бағатынын алқа тартады, – деді Ербол Өмірбекұлы.
Жайылымдық жер мәселі күн тәртібінен түспей, талай рет талқыланып, шаруаларға да, шарауашылық иелері де тиімді шешім шығарудың тиімді тетігін ізделетіні белгілі.
Бір анығы, 5 шақырым 
радиусындағы жайылымдық жер елді мекен тұрғындарына қайтарылады.
08 желтоқсан 2022 ж. 203 0