Жайылымның жайы алаңдатады

– Негізінен шаруашылықтармен өзара меморандумға отырдық Қандай қожалық болмасын 5 жылға дейін жерді меншігіне ала алмайды, яғни, ауыл іргесінен жайылымдық жер беріледі. Жақында ауылдағы қауымдастық пен тұрғындар тілегін ескеріп, жекеге жер беру бойынша жоспарды тоқтаттық. Шыны керек, жер, оның ішінде жайылымдық мәселесі өзекті мәселеге айналғаны рас. Сондықтан бұл сауал төңірегінде әлі де жұмыстар атқарылады, – деген бөлім басшысының нақты жауабы шаруашылығы жоқ ағайынның күдігін сейілтпегенін де аңғардық.
Ардагер Тұрғанәлі Жакиев уақытында жердің көбін бай-бағландар еншісіне алғанына қапалы. Иә, ол рас, қалталы азаматтардың жері аз емес. Оны дұрыс игеріп, сол ауылға пайдасы тисе игі. Екінші кезекте, газ келуін төрт мыңнан аса тұрғын күтіп жүр. Бөл жөнінде аудан әкімі Мұрат Тлеумбетов:
– Аймақ бойынша көгілдір отынға алғашқы қол жеткізген аудан болсақ та, ауылдарға газ тартудан кемшін қалып келеміз. Сондықтан біздің ауданға жалпы 4 млрд 700 млн қаржы республикалық бюджеттен мақұлданды. Жоспар бойынша бұл қаржы 12 округке газ тартуға бағытталады. Биыл Қыраш пен Бірлікке газ апарсақ, жыл соңына дейін Шалқия мен Құттықожаның құрылыс жұмысын бастаймыз. Әуелі Алла, келер жылы қалған 8 ауылға көгілдір отын жеткізу жұмысын қолға алатын боламыз. Сондықтан 2023 жылы болмаса да, 2024 жылы газ келеді, – деді.
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ