№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мәслихатта елді мекендердің даму жоспарын талқыланды

Мәслихатта елді мекендердің даму жоспарын талқыланды

Аудан мәслихатының VII шақырылымдағы кезекті 15-cессиясы өтті. Күн тәртібінде 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдық жерлерді басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, 26 кент және ауылдық округінің 2022-2024 жылға арналған бюджеті қаралды.
Аудандық мәслихат депутаттары Мәжит Балқожаев, Нұрлат Байгенже, Әсемгүл Тілеубергенова толғандырып жүрген сауалдарын жолдады. Оның ішінде, балалар ойын алаңына сұраныс жоғары екені, жасанды жасыл алаңдарды күтіп ұстау, қоғамдық көлік қозғалысын кеңейтуде шеткі аумақтағы көшелерді жөндеу және т.б атқарудың қажеттілігін, бұл – аудан тұрғындарының өтініш-тілегі екені айтылды.
Жер қатынастары бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов:
– Президенттің талап-міндетін орын­дау мақсатында Қожакент және Қос­үйеңкі ауылдық округін пилоттық жоба ретінде енгізіп, бірқатар жұмыс жүргізілді. Қазір елді мекендердің әкімшілік-аумақтық территориясы сы­зылды. 5 шақырым радиусына кіріп тұрған шаруа қожалықтар нақтыланды және оларға түсіндірме жұмысы жүргізіліп, ауыл тұрғындарының түлігін жаюға қарсы еместігі жөнінде келісім алынуда, – деді.
Жер мамандарының сөзінше, аудан көлемінде 1 млн. 543 мың гектар жер болса, оның 686 мыңға жуығы шаруа қожалықтардың иелігінде (жайылымдық жері). Егіндіктің көлемі – 44 мың гектарға жуық. Оған аудан әкімі резервіндегі 90 мыңға жуық гектар жерді қосыңыз. Бірақ, ауданда тіркелген төрт түлік бойынша аналық мал басын шаққанда әлі 1 млн 200 мың гектарға жуық жайылымдық жер керек. Бұл – күрделі мәселе.
Мәслихат хатшысы бұл мәселенің өзекті екенін атап, елді мекендердің территориялық картасын тездетіп бекітудің маңызды екенін сөз етті. 
Одан кейін кент және ауылдық округ әкімдері бюджетін қорғады.
30 желтоқсан 2021 ж. 231 0