№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Бал омартасы – пайдалы кәсіптің көзі

Бал омартасы – пайдалы кәсіптің көзі

«Қалауын тапсаң – қар жанар», – демекші, бал арасының бабын тапқанға  табыстың көзі, шипаның өзі. Емдік қасиеті ерек. Осы орайда, ауданда бал өндірісімен айналысатындардың кәсібі қалай екен? Жаңақорғандықтар бал арасын өсіруді табыс көзіне айналдыра алды ма? Біз осыған тоқталсақ...Деректерге сүйенсек, біздің ел 1990 жылға дейін 10 мың тоннаға жуық балды шет елге экпорттаған. Ал, бүгінде шаруаның бұл түрі кенже қалған сияқты. Өйткені көрсеткіш одан аз. Дегенмен, қазір елде омарташылар көбейіп, бал өндірісін қайта жолға қоюды. Мәселен біздің ауданда бал арасын өсірумен айналысатын үш шаруақожалық бар. Соның бірі – «Жаңақорған балы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Әбдіғаппар ауылының тұрғыны Бауыржан Дүйсенбаев бал өндірісімен айналысып, кәсібін дөңгелетіп отырған жан. Бүгінде оның шаруашылығында 180 «бал арасының отбасы» бар. Омарташының тіліміен айтқанда 1 жәшік бал арасы «бір отбасын» құрайды. Оның ішінде 1,5 млн-ға жуық ара болады екен.
– Бал арасын өсірумен айналысқаныма 6 жылдай болды. Содан бері аз-аздан өнім алып, шаруамды кеңейте бастадым. Биыл Қызылорда қаласындағы «Қызылорда жантақ балы бал орталығына» 1,5 тоннадан аса бал өткіздік. Алдағы уақытта одан да жоғары нәтижеге жетеміз деп ойлаймын, – дейді «Жаңақорған балы» ЖШС-нің басшысы Бауыржан Әлиұлы.
Омарташының сөзінше, осыдан бірнеше жыл бұрын Шиелі ауданынан омарташылар келіп, Жаңақорғанның шүйгін шөбіне бал арасын жайған екен. Бауыржан, жолы өзге кәсіпке қызығып1 «бал арасы отбасын» алып қалып, соны көбейтуге кірісті.
Иә, көзін тапқанға бал өндірісімен мол табысқа кенеліп брендке айналдыруға болады. Өйткені, әлем елдерінде табиғи балға деген сұраныс басым. Мәселен жапондықтар радияция зардабын жоюға балдың көмегі барын дәлелдеп, үзбей пайдаланса, еуропа елдері балдан түрлі дәрумендерді жасап шығаруда.
Байқап отырсақ, қазіргі нарықта «жасанды бал» өте көп. Оның ақ-қарасын анықтап жатқан ешкім жоқ. Құр қанттан жасалатын балдың пайдасынан зияны көбірек екені айдан анық. Біз жасанды бал мен табиғи балдың аражігін қалай ажыратамыз?
– Балдың табиғилығы мен жасандылығын ажырататын түрлі тәсілдер бар. Дегенмен өзімнің пайдаланып жүргеніммен бөлісейін. Мысалы табиғи балдың 3-4 тамшысын ыдысқа тамызып, үстінен салқын су құйып біраз шайқасаңыз ыдыста бал арасының алты бұрышты ұясының суреті пайда болады, – дейді ол.
Шаруақожалығы жұмысына бал арасын баптау сынды қарекетін қосып, облысты балмен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкер алдағы уақытта тағы да бал өндірісін өркендете түсуді көздеп отыр.
Хош. Енді балдың пайдасына аз-маз тоқтала кетсек. Бал – өте күшті антиоксидант. Адам ағзасына тигізер пайдасы да мол. Мәселен, қант диабетімен ауыратын адамдарға табиғи балды тұтыну зиянсыз. Балдың құрамында холестерин жоқ. Керісінше холестеринді төмендетуге көмектесетін микроэлементтерге бай. Күнделікті балды тұтыну жүрек-қан тамыры ауруының, артериялардың тарылуының алдын алады. Сонымен қоса, адамның есте сақтау қабілетін жақсартып, құрамындағы кальций миға жақсы сіңіп, оның жұмысына жағымды әсер етеді. Балдың құрамындағы глюкоза нейрондар үшін керек. Ол қанға тез сіңіп, босаңсуға, сіңірдің тартылуын төмендетуге және психологиялық бұзылуларды емдеуге ықпал етеді. Сондай-ақ, асқорыту жүйесін жақсарту үшін аш қарынға бір қасық бал жеу ұсынылады. Өйткені бал асқазандағы бактерияларды жойып, асқазанның шырышты қабығындағы жараларды емдейді.
Түйін. Қасиетті Құран аяттарында балда шипа бар екендігі айтылғанын ескерсек, бал арасын өсірумен айналысатын Бауыржан Әлиұлы секілді омарташылардың жетер жетістігі әлі алда екені даусыз.
17 мамыр 2023 ж. 241 0