№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мадиярдың жүлдесі

Мадиярдың жүлдесі

Жаһандық үш пән бағытындағы бұл олимпиаданың маңызы өте зор. Иә, математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің бұл сыны қазақ ұстаздары үшін өте жауапты жарыс болды. Өйткені, бұл тұғырда биікке көтеріліп, жеңімпаз атану болашаққа үлкен мүмкіндік сыйлайды. Қуанышты жаңалықты естіп, кейіпкерімізбен байланысқа шыққан едік.

– Негізі бұл олимпиадаға алғаш қатысуым. Бұйырса келер жылы чемпион атануға тырысамыз. Оған мүмкіндігіміз бар, алғашқы баспалдақ болған соң қобалжу болды, сәл кідіріс те уақытты тежеді. Бұйырғаны осы, қоламен қуантқаныма өзіме көңілім толды.

– Кезең-кезеңімен өрбіді ме?
– Жоқ, жалпы 8 есеп берді, 4 сағат уақытта шешуге тиісті болдық. Әрине, қиын есептер болды, дегенмен барлығын шешуге тырыстым. Бұл жеңіс мен үшін үлкен демеу болды. Әрі, шәкірттеріме де үлгі боларлықтай жетістік деуіме болады.

Халықаралық олимпиада біздің елде алғаш өткізілуде. Бұл сынның басы-қасында белгілі математик, академик Асқар Жұмаділдаев жүріп, жарысқа қатысушыларға жігер сыйлады.

– Бұл байрақты бәсеке болған соң математика ғылымын түсінетін, жалпы осы салада жүрген терең зерделеуші ұстаздар қатысуда. Биыл жолы болмаған педагогтар келесі жылы қайтадан бақ сынауына мүмкіндігі мол. Биылғы жүлдегерлерді құттықтаймын, – деп жылы лебізін білдірді.

Математика – ғылымдардың патшасы. Сондықтан болар бұл мамандықты екінің бірі меңгеріп кете алмайды. Ортада жүрген жүз адамның бірлі-жарымы ғана таңдайтын күрделі сала. Қазір бұл салада функционалдық сауаттылыққа көп көңіл бөлінеді. «PISA» Халықаралық зерттеуі болып жатыр. Осының барлығы математика сабағында қамтылады. Медицина саласы да математикамен тікелей байланысты. Мысалы, синусоида сызықтарымен жүректің соғысы белгіленсе, тамыр соғысында да дер кезінде көмек көрсету үшін математикалық білім қажет. Негізі математиканы жақсы үйренген бала физика мен химияны да автоматты түрде жетік меңгереді. Сондықтан да жаратылыстану-математикалық бағыт деп бөледі.

Мадияр қазір Жаңақорғандағы №3 мектеп-интернатта математика пәнінен сабақ береді. Ләззат Машбекқызы басшылық ететін білім ордасына 2016 жылы қызметке орналасып, бүгінге дейін қаншама шәкірт тәрбиеледі. Көбінесе ҰБТға оқушы дайындаумен келеді. Былтыр бітірген түлектерінің көбі үздік нәтиже көрсетіп, 45 сұрақтық барлығына дұрыс жауап берген. Бұл рекордтық көрсеткіш. Жалпы қара шаңырақ атанған бұл білім ордасындағы ұстаздардың біліктілігі жоғары деңгейде деуге негіз бар. Қаншама түлек бүгінде әр саланың жүгін арқалап, бірталай биіктікті бағындыруда.

– Өзім Қорқыт атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірдім. Осы білім ордасында жүргеніме 6 жылдан аса уақыт өтіпті. Осы уақыт аралығында шәкірт білімі бірінші орында тұрды. Енді ғылыми бағытқа да мән беретін кез келді. Бұйырса, бұдан да биіктерді бағындыруға тырысамын, – деді Мадияр Әбенұлы.
06 желтоқсан 2022 ж. 255 0