№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Олжас тағы бір биікте

Олжас тағы бір биікте


2018 жылы парадзюдодан Португалияда өткен Әлем чемпионатында жаңақорғандық жас Олжас Оразалыұлы алтыннан алқа тағынып, қазақ елінің мерейін өсірген болатын. Оны сол алтыны Олжасты қазақстандық ең жас чемпиондар тізіміне енгізген еді. Міне, араға 4 жыл салып, сол тұғырға қайта қонды. Бірақ, бұл жолы бауанымызға бұйырғаны қола болды. Жас спортшының осыған дейінгі жеткен жетістігі бір төбе. Кешегі жеңісімен қазақ жұртын тағы бір қуантып, Сыр елінің абыройын асырды.

  Биылғы әлемдік бәсеке Әзірбайжанның Баку қаласында өтті. Әлемнің 41 елінен 400-ден аса дзюдошы батарын сынап, ел абыройын арқалап барды. Бұл сында қазақ балуандарына қос алтын бұйырды. Ал, Олжас 73 келіде өнер көрсетіп, шешуші сәтте сүрініп, қола үшін қарап қалмады. Ол осыған дейін әлемдік кубок жолында бірнеше жүлдемен оралып жүрді. Қазір ол өз салмағында Қазақстанда теңдесіз балуан.

– Екінші мәрте алтын тұғырдан көріну басты мақсатым болған еді. Қола бұйырды, Аллаға шүкір. Келер жылы кеткен есені қатайрып, байрақты бәсекелерде барымды салатын боламын. Екі жылдан Олимпиада ойындары бар, оған да баруға бар күш-жігерімді саламын. Бұйырса жеңісті күндердің ауылы алыс емес, – дейді Сыр елінің мақтанышы.

Жалпы Жаңақорғанда дзюдо спорты қайта еңсе тіктеп келеді. Жас балуандар жігерін жанып, облыстық сындарды сыналып жүр. Сондықтан Олжастың соңынан еретін балуандар әлі талай аудан топырағынан шығады деп сенеміз.

– Олжастың әрбір жеңісі жаңақорғандықтар үшін үлкен мақтаныш. Оның спортқа деген қызығушылығы бала кезден көрінді. Оның жас болса да жігері мықты, жеңіске деген құлшынысы осындай биікке шығарды. Сондықтан, осы жолдан таймаса ол әлемді бірнеше рет бағындырарына күмәнім жоқ, – дейді алғашқы бапкері Біржан.

Ұлттық құрама мүшесі, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Олжас М.Нәлібаев ауылының тумасы. Алғашқы бапкері Біржан Иманбаев болды. Кейіннен қалаға қоныс аударып, сонда тәлім алады. Жанарбек Сансызбаев пен Руслан Беркімбай баптайтын балуаннан әлі талай жеңіс күтеміз. Ең бастысы, Олимпиада жүлдесі бұйырсын, жерлестері соған тілеулес.

Әли ТЕМІРБЕК
14 қараша 2022 ж. 637 0