№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада алғаш рет математикадан халықаралық олимпиада өтеді

Қызылордада алғаш рет математикадан халықаралық олимпиада өтеді

   Жаңа ғасыр талабына сай жаһандық технологияны игеруде еліміздің орта мектептерінде жаратылыстану бағытын кеңірек оқыту тәжірибесі қолға алынғанғаны белгілі. Бұдан бөлек, облыста 2014 жылдан бері қалалық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы аясында академик Асқар Жұмаділдаев атындағы "Жас математиктер" байқауы тұрақты өткізіліп, оған 150-дей жас дарын қатысатын. Ал, биылғы жылдан бастап бұл байқау халықаралық деңгейде өтетін болады. Осыған орай қалалық ішкі саясат бөлімі өңірлік коммуникациялар қызметінде арнайы брифинг ұйымдастырып, келелі бастама жайлы кеңірек хабардар етті. 

   Брифингте Қазақстан математика ассоцациасының президенті Қайрош Мақышов, Қазақстан ұлттық ғылым академиясының Академигі Асқар Жұмаділдаев, көршілес Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінің өкілдері Владимир Жук, Шухрат Исмайлов сөз алып, "Жас математиктер" халықаралық байқауының басты мақсаты – жастардың осынау күрделі ғылымға деген қызығушылығын ояту екенін айтты. Биылғы Жастар жылы аясында математика саласы ғалымдарының жас мамандарға арналған оқу курстарын ұйымдастыру шаралары қолға алынып отыр.
   Жиында сөз алған Академик А. Жұмаділдаев жас ұрпақтың келешегі үшін жаратылыстану ғылымын тереңдетіп оқыту, сол арқылы жаңа технологияны жан-жақты меңгеріп, ғылыми жетістіктерге қол жеткізу қажеттігін, "Жас математиктер "байқауының негізгі ұстанымы осы екенін айтты. Осынау бастамаға қолдау көрсеткен облыс әкіміне алғысын білдірді.
 –Айта кетейік, бұл байқау республика көлемінде алғаш рет Қызылорда облысында жүзеге асырылып отыр. Тіпті ТМД елдері арасында да бұл салада дәл осындай дәйекті жұмыстар қолға алына қойған жоқ. Сондықтан халықаралық "Жас математиктер" байқауының болашағы зор деп сеніммен айтуымызға болады. Олай дейтінім, осы өткелі отырған алғашқы байқауға 800-дей өтініш келіп түсті. Оның ішінен 18 –35 жас аралығындағы 100-ден астам үміткер байқауда бақтарын сынайтын болады. Бірінші жүлдеге –1 млн теңге тағайындалды. Бұл жас математиктер үшін жақсы қолдау. Сол секілді, байқауға қатысушылар үшін барлық қажетті жағдай жасалған.
Биылғы байқауда еліміз бен көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінен қатысушылар бар,-дейді Академик.
Қазақстан математика ассоцациасының президенті Қайрош Мақышов  білім беру саласында 35 жылдан бері еңбек етіп келе жатқанын, өз тәжірибесі бойынша математика саласында ғылым жолына түскендер қатары аз екенін айтады.
 –Сыр өңірінен бастау алған А.Жұмаділдаев атындағы халықаралық "Жас математиктер" байқауының болашағы зор. Бүгінгідей техникалық мамандықтарға сұраныс артып тұрған кезеңде бұл бастама ғылымның өрістеуіне де жол ашады деген ойдамыз. Байқауда берілетін есептерді әріптесіміз Владимир Васильевич Жук әзірлеген. Өте күрделі тапсырмалар. Қатысушылар есепті шеше алмаған күннің өзінде жан-жақты талдау жасауды, осылайша ойды тұжырымдауды үйренетін болады,-дейді Қ. Мақышов.
 Айта кетейік, байқау 14 мамырда Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында өтті. Сол күні ҚМУ-дің "Студенттер сарайында" Қазақстан ұлттық ғылым академиясының академигі А.Жұмаділдаев жас математиктерге лекция оқыды.
                                                                                            
Ғазиза ӘБІЛДА.
15 мамыр 2019 ж. 706 0