» » Шалқияның шаруасы қашан шыңдайды

Шалқияның шаруасы қашан шыңдайды


Шалқия кентіне жаңа әкімнің келгеніне 1 айдан асты. Бұл жолғы кездесуде кент әкімі бірнеше жобасын ұсынды. Ауылдан өндіріс орнына баратын төте жолды асфальттау, жол және өзге де мәселелер шешімін тапқан. Алайда, шешімін таппай жүрген бір мәселе кәріз жүйесінің бүгінгі ахуалы. Тозығы жеткен, құбырлары тым ескі. Әлеуметтік нысандар мен көпқабатты үйлерге кәріз жүйесі керек-ақ, дегенмен жер үйлерде тұратын тұрғындарға бұл тіпті де керек емес.

– Біріншіден, кәріз жүйесі үшін тұрғындарға бекітілген тариф бар. Алайда, мұны кент тұрғындары төлемейді. Ол рас, тек мемлекеттік ғимараттар ғана төлейді. Екіншіден, кәрізден шыққан су арнайы орынға құйылады. Бірақ, ол заласыздандырылмайды. Осы мәселені шешу керекпіз. Ол үшін кәсіпкермен арнайы мәмілеге келу керекпіз. Болмаса кәсіп иесіне тиімсіз болса, онда оны мемлекетке бергені дұрыс, – деді аудан әкімі.

Иә, келер жылы бұл мекенге газ келеді, ең бастысы, жаңа әкім елдің игілігіне жұмыс жасау керек екенін аудан басшысы қадап айтты. Сондай-ақ, көпқабатты үйдің мәселесі енді сауал ретінде көтерілмеуі тиіс. Өйткені, оны бұзуға үй иелері қарсы, ал, күрделі жөндеуге де келісім бермейді. Екі ортада сонда тұратын тұрғындар зиян шегуде. Оны қазбалаймай-ақ қояиық. Міне, биылғы ауылдарға сапар межесі осылай түйінделді. Енді келер жылға үміт көп. Ең бастысы, ауыл әкімдерінің белсенділігі өте қажет. Байыпты бастамаларды аудан әкімі қолдауға дайын.
05 желтоқсан 2022 ж. 156 0