Интернет қашан дұрысталады?
Қаратөбе халқы интернет мәселесін бұдан неше жыл бұрын көтеріп еді. Шешімін тапқанымен байланыс нашар дейді. Алғашқы сұраққа Мұрат Тілеуімбетов «Beeline», «Kсell» абоненттерінің аудандағы немесе облыстағы өкілдерімен кездесіп, шешу жолын қарастыратынын жеткізді.
– Бізде үш мәселе бар, бірінші, ауылдан жайылымға барар жолдағы көпірдің жағдайы мәз емес, екінші, клуб үйінің ішкі келбетіне аздап жұмыс керек және жарық жүйесі бізді шаршатты, – деді Шабдан ақсақал.
– Көпір мәселесі менің назарымда, жаңа арнайы барып көрдік. 1978 жылы салынған ескі көпірге күрделі жөндеу жүргізу үшін млрд-қа жуық қаржы кетеді. Әзірге бұл қаржыны облыс та, республика да бермейді. Сондықтан аудан ішіндегі облыстық маңызы бар екі көпірдің қайта салынуын ұтымды пайдаланып, содан шыққан плиталарды, жарамды жабдықтарды сіздерге беруді ұйғардық. Жарық мәселесі де биыл шешіледі, ал клуб үйінің ішкі жұмыстарына қаржыны биыл болмаса да, келесі жылы міндетті түрде бөлеміз, – деді аудан басшысы.
Соңына қарай мемлекеттік балабақшаның тыныс-тіршілігіне көңіл аударған аудан әкімі қажетті көмекті бюджеттен жүзеге асыруды тапсырды.