№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАЛДЫҚ СУ: ҚАЙТА ӨҢДЕУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

ҚАЛДЫҚ СУ: ҚАЙТА ӨҢДЕУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ


Жаңақорғанда тазалық мәселесін жүйелей түсуге талпынып, жолдарын іздестіруде. Енді қатты тұрмыстық қалдықтарды төгетін арнайы полигон Саяжайдан Ызғар елді-мекеніне таяу жерге көшірілді. Ал, Нұрлан Садуақасов тұрмыстық қалдықтарды жинап, қайта өңдеу ісіне дем беруді қолға алды. Енді кәріз суларын қалай жолға қоямыз? Яғни, қалдық суларды кәдеге жарату жолы бар ма? Міне, осы мәселеге байланысты аудан әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов арнайы жиын өткізді.

Шыны керек, тауқыметті кезеңді кейін қалдырған жұрт тұрмыс түзелген соң өркениетті өмірге бейімделіп келеді. Әрине, бұл қуанатын жағдай, алайда, кент және қалалық аймақтарда кәріз суларын төгетін арнайы орындардың болмауы экологияға әжептеуір зиянын келтіруде. Лас сулар жерге сіңуі екіталай. Сондықтан тұрғындар кез-келген жерге төгуге мәжбүр. Ал, мекемелер, әсіресе, аурухананың жағдайы билікті алаңдатып отыр. Жуырда өңір басшысының төрағалығымен аймақтағы «Экологиялық мәселелер» бойынша арнайы мәжіліс өткізілді. Мәжіліс қорытындысымен қала, аудан әкімдеріне және тиісті сала басшыларына кәріз су жүйелеріне және қалдықтардың бей-берекет тасталуына қатысты тиісті тапсырмалар берілген болатын.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша алдымен кәріз жүйелерінен тасталатын лас сулардың қоршаған ортаға кері әсері туралы хабарламаны облыстық экология департаментінің басшысы Марат Құрманбаев жасады. Департамент басшысы кәріз суларды залалсыздандыру және жүйелендіру бойынша сараптама жасады.
Баяндамадан белгілі болғандай, қала және аудандардағы кәріз су жинайтын алаңдар жұмыс жасамайды екен. Кейбір аудандарда лас сулар арнайы алаңдар болса да бейтарап қоршаған ортаға жіберілуде. Мәселен, біздің ауданда биологиялық тазарту станциясы мүлдем жұмыс істемейді, барлық сарқынды сулар ешқандай тазартусыз тікелей сүзгі алаңына тасталуда.
Ал, амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жаңақорған аудандық орталықтандырылған аурухана теңгеріміндегі кәріз құбыры жүйесі ескірген. Жөндеу жұмысын жоба-сметасы жасалынған, тек басқарма қаржысын қарастырса болғаны. Сондықтан, қоршаған ортаны ластамаудың қам-қарекетін жасайтын кез келген секілді.
– Әрбір тұрғын үй ауыз сумен қамтамасыз етіле бастады. Осы ретте, тұрмыстық шаруашылыққа пайдаланатын судан жылына шамамен 16,0 млн. м3 лас су шығады. Алайда осы көлемдерді тастайтын арнайы алаңдар кейбір елді мекендерде нақты шешімін таппай отыр. Соның салдарынан департаментке лас сумен қоршаған ортаның ластанып жатқаны және өмір сүру ортасына қолайсыз сани­тарлық-эпидемио­логиялық ахуа­л туын­дауы жөнінде арыз-шағым жиі түседі. 2017 жылы 7 арыз түссе, былтыр 13-ке жетті. Бұл қағаз жүзінде ғана берілген хаттама, – деді Марат Ердәулетұлы.
Одан кейін аудан орталығын, елді мекендерін кәріз жүйелерімен қамту мәселесі туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Шағдат Алмашов баяндады.
Оның сөзінше, Жаңақорған кентіндегі құрылысы жүріп жатқан ауыз су іске қосылса онда бұл мәселені қолға алынатын жеткізді. Яғни, әрбір үйдің септигінен шыққан суды бір арнаға жинау қолға алынбақ.
Көтерілген мәселе бойынша Жаңақорғанда қандай жұмыстар атқарылуда? Бұл туралы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Есдаулет Сейілов жауап берді. Ол тұрмыстық қалдықтардан тазартуға жұмсалған жұмыстарға басымдық бере баяндады. Қазір кент келбеті тазаланып келеді. Алайда, орталықтандырылған кәріз жүйесін салу жүзеге асар емес. Тек өндіріс ошағы орналасқан Шалқия кенті ғана кәріз жүйесінің игілігін көруде.
Жалпы, департамент бақылау­ындағы ірі өндіріс компанияларының бәрінде локальді лас су тазарту станциялары жұмыс жасап, тазартылған суды қысты күндері жинап, науқанды кезеңде көгалдандыру жұмысына жұмсауда. Мәселен, «СКЗ-U» ЖШС өндіріс ошағы осы жүйені тиімді жүзеге асыруда. Арнайы мамандар жиында биологиялық тазартудың тиімді тұсын зерделеп, қолдану аясын сөз етті. Яғни, сүзгі алаңына құрғату рекультивация жасап, жасыл-желек алаңына айналдырудың ұтымды тетігін түсіндірді. Олардың сөзінше лас суларды қайта өңдеу құрылғысына 7-8 млн. қаржы жұмсалады екен. Мұны да Серік Қожаниязов қаперге алып, биыл тәжірибе жүзінде ірі ауылдарға алып берудің қамын жасау керектігін айтты. Әрі, мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің мүмкіндіктерін пайдалана отырып сұрыптау кешені мен полигондардың құрылысын салуға болатынын ескертті.
«Судың да сұрауы бар» демекші, лас сулардың зиянын қоршаған ортаға тигізбей қайта өңдеп, тұрмысқа қолданатын кез келген секілді.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.

02 ақпан 2019 ж. 1 828 2

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 05:21
Acheter Levitra Generique En Ligne fincar finasteride online canada Viagra Migliore

Гость Jeahulalf от 9 наурыз 2019 09:54
Cheap Ed Meds Uk Power Pill Viagra Antiseptic viagra Amoxicillin Diarrhea