Соңғы жаңалықтар

Құрметті облыс тұрғындары!

28 қыркүйек 2026 ж. 57

№74 (8987) 29

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (8986) 26

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (8985) 22

22 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Биыл 11 сорғы станциясы қайта жаңғыртылады

Биыл 11 сорғы станциясы қайта жаңғыртылады

Қызылорда қаласында 62 сорғы станциясы бар. Оның 23-і өткен жылы қайта жаңғыртылды. Ал биыл 11-і жөнделеді. Жалпы, шаһарда әртүрлі қысымдағы 426 шақырым кәріз жүйесі бар.
– Жөндеуден өткен сорғы станцияларға швециялық «Флюгт» маркалы насос қондырғысы орнатылады. Ерекшелігі, автоматтық жүйе диспетчер арқылы басқарылады. Заманауи вентиляция жүйесі қарастырылған. Судың көлеміне сәйкес және КНС-тегі газдың мөлшері нормадан асқан жағдайда автоматты түрде қосылып, ажыратылады, - деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Біржан Далабаев.
– Бүгінде кәріз жүйесіне байланысты қордаланған мәселелерді кезең-кезеңімен шешу үшін жоба-сметалық құжаттар дайындалды. Тиісті қаражаты бөлінсе жұмысты бастаймыз. Алайда бәрін бір жылда шешу мүмкін емес. Қала тұрғындарының да шағымына тиісінше жауап беріп, орын алған апаттық жағдай қалпына келтірілуде. Сондай-ақ, кәріз жүйелерін тексеру барысында жер асты суына тұрмыстық қалдықтарын, шүберек, бөтелке, полиэтилен пакеттерін тастағаны анықталды. Осы орайда шаһар тұрғындарынан кәріз жүйелеріне тұрмыстық қалдықтарын тастамауын сұраймыз, - деді «Қызылорда су жүйесі» МКК директоры Марат Жамиев.
18 ақпан 2021 ж. 476 0