Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жол белгілеріне кім жауапты?

Жол белгілеріне кім жауапты?

Соңғы кезде Жаңақорғанда жол белгілері төңірегінде мәселе көбейді. Біз бұл жөнінде арнайы аудандық тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне бас сұқтық. Жауапты мамандардың мәліметінше, қауіпті аймақтарға жылдамдықты тежегіш жол белгілерін, жасанды жол кедергілерін орнатуды қамтамасыз ету мақсатында атқарған жұмыстар аз емес. Мәселен, жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі қызметкерлерімен бірлесіп, жол белгілері және жағдайына байланысты тексеру актілері жасалған. Нәтижесінде анықталған кемшіліктер жойылған.
– Жаңақорған кенті бойынша жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған10 көше қиылысында бағдаршам, 28 жерде жасанды жол кедергісі, 600-ге жуық жол белгілері бар. Кент аумағында 2020 жылға дейін 13 жерге жол кедергісі орнатылса, 2021-2022 жылдары 15 жерге жасанды жол кедергілері қойылды. Себебі, 2020-21 жылдары кент аумағында 53 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Алайда, барлық жөнделген жолдарда жол кедергілерін орнату заңнамаға сай емес. Өйткені, ҚР СТ 1538-2007 ұлттық стандартына сай жол кедергілері білім беру мекемелерінің маңына, жолкөлік оқиғасы орын алуы мүмкін аймақтарда және халық көп шоғырланатын қоғамдық жерлерге орнатылуы тиіс, – дейді мекеменің бас маманы Д.Өмірәлиев.
2022 жылы 4 жерге жол кедергісін орнатуға 1200,0 мың теңге қаралып, Қ.Сағырбаев пен Алдамжар көшесі қиылысына, Б.Дүйсенбаев көшесі «Ж.Өткелбай» мектебінің тұсына, Жеңіс көшесінің бойындағы балалар ойын алаңы маңына, К.Бакирова көшесі «Мархабат» балабақшасы тұсына жол кедергілері орнатылыпты. Биылғы жылдың сәуір айында Хорасан ата, А.Иманов көшелерінің жол үсті таңбасы мен білім беру мекемелерінің айналысындағы жаяу жүргінші өткелдерін сызуға 567,0 мың теңге қаралып, жұмыстар мерзімінде аяқталған. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Жаңақорған кентіндегі көлік ағыны жоғары көшелердің жол үсті таңбаларын сызуға 5571,4 мың теңге аудандық бюджеттен қаралды. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары нәтижесінде «БАМТТ» ЖШС жеңімпаз деп танылып, сызу жұмыстары толық жүргізілген.
Мекеменің мәліметінен кейін көлік тұрақтарының жай-күйін зерделеп көрдік. Өзім күнделікті «Sinoil» май құю бекетінің тұсынан таксиге отырамын. Ол жерде көлік қоятын немесе көлік тоқтайтын ешқандай белгі жоқ. Әйтеуір, оңды-солды тоқтап-жүріп жатқан көліктер. Ал, орталық базар, Қазпошта, автовокзал, аудандық емхана және т.б жерде көліктің көптігінің салдарынан кептеліс, тіпті жол-көлік оқиғасы орын алады. Меніңше бізде жол белгілерін назарға алып, ереже сақтайтын жүргізушілер саусақпен санарлық. Неге десеңіз, рұқсат етілмеген жерлерге темір тұлпарларын қойып кетеді немесе кез келген жерге тоқтап, адам түсіруді әдетке айналдырған. Әрине барлық кінәні жүргізушілерге де арта беруге болмайды. Өйткені, кент ішінде көлік тұрағы жетіспейді. Бір ғана Амангелді Иманов көшесі мен Қорасан ата көшесінің бойындағы дүкендер мен мейрамхана сынды кәсіптік нысандарда көлік қоюға арналған арнайы тұрақ пен белгілер жоқтың қасы.
01 желтоқсан 2022 ж. 367 0