«ҮЗДІК САҚШЫ»
Сұлтанахмет Әбуов. Аудандағы жол белгілеріне жауапты полиция қызметкері. Тоқсан сайын жол жағдайлары мен белгілерін зерделеп, қадағалап, әкімдіктерге ұсыныс айтып, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне нұсқау беру оның құзырында. Әрине, ұсыныс беріліп жүргенін көріп жүрміз, оны орындай атқа мінерлердің міндеті. Сондықтан аудандық полиция бөлімі жылдың үздігіне Сұлтанахмет Нышанұлын лайықты деп таныды.

Жалпы алғанда 15 жылдан астам полиция қызметінде адал еңбек етіп келе жатқан Сұлтекеңді үздік деп таныдық. Үнемі әкімдікпен тығыз байланыста жұмыс жасайтын тәртіп сақшысының еңбегіне жаңақорғандықтар жоғары баға берді.