Соңғы жаңалықтар

№43 (8957) 9

09 маусым 2026 ж.

№42 (8956) 6

06 маусым 2026 ж.

№41 (8955) 2

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ОТЫЗ БІРІНШІ СӨЗ

ОТЫЗ БІРІНШІ СӨЗ


     Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

     ТҮЙІН. Абай айтқан төрт кеселдің жастар бойынан алып қарайық. Уайымсыз салғырттық – жұмыссыз жастар, ойыншы-күүлкішілдік – ертеңіне бейқам қарайтын ұрпақ, соңы ұрлық, қылмыс, бір қайғыға салыну – ажырасудың апаты, бір нәрсеге құмарлық – құмар ойынның жүгенсіз кетуі. Осы төрт нәрсе қазіргі жас буынға тұсау болып тұрғаны жасырын емес. Біз айттық сіздер ойланып көресіздер...
11 мамыр 2018 ж. 1 660 0