Құс тұмауы аса қауіпті індет болып саналады. Құс тұмауы-септицемия, домбығу, тыныс және ас қорыту мүшелерінің зақымдануымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Құс тұмауының вирусының таралуы жабайы құстардың көктемгі және күзгі ұшу бағытына байланысты. Тұмаумен барлық үй, синантроптық және жабайы құстар ауырады. Вирус тыныс жолы, ауыз, тері асты, бұлшықет арқылы енгенде ауру қоздырады. Тіпті, ауруды жұқтырған құстарда жұмыртқалау қабілеті азаяды. Қауырсындары ұйпаланып, шырышты қабықта қызару белгісі байқалады.
Құс тұмауының алдын алу, таратпау мақсатында үй және жабайы құстардың мекендеу орны мен су қоймаларында мониторинг жүргізіп, сырттан келген құс етімен жұмыртқасын пайдалану барысында ветеринариялық-санитариялық талаптарын сақталуын қамтамасыз ету қажет. Құс тұмауының вирусы алғаш 20 ғасырдың басында Италияда анықталған және ұзақ уақыт бойы адамдар үшін қауіпсіз деп есептелген. Жабайы құстар (әсіресе суда жүзетін үйрек, қаз, аққу) әдетте құс тұмауымен ауырмайды, бірақ індеттің таралу көздері болып табылады. Үй құстары ауруға шалдыққан жағдайда ауру жасырын түрде өтіп, құстардың өліміне әкеп соқтырады. 1997 жылы ең алғаш рет Гонконгта құс тұмауымен адамның ауырғаны туралы деректер тіркелген.
Құс тұмауының ең жиі кездесетін және адамға жұғатын вирусы H5N1 түрі. Аталған вирус түрі ыстыққа төзімсіз келеді, яғни 70 °С қайнатылған суда немесе ыссы термикалық өңдеуден өткен құс ұшасында вирустың көзі жойылады. Тұтынушы шикі құс ұшасымен жұмыс жасағанда шикі құс етінен басқа тағам өнімдеріне (су) сұйықтық ағып кетпеуін немесе жартылай шикілей түрде қолдануға болмайтынын ескертіледі. Құс ұшасымен жұмыстан кейін қолын міндетті түрде сабынмен жуып, жұмыс орнын тазалау керек.
Құс тұмауы адамға ауру немесе өлі құстармен тікелей қатынасқанда жұғады. Адамдағы белгілері бастың қатты ауырып, температура көтеріліп іш өту сияқты белгілері ауру жіті өткенде білінеді.
Жеке шаруашылықта үй құстарын күтүде арнайы киім, тұмылдырық кию, оларды күнделікте залалсыздандыру, құс тұмауына күдікті, ауырған құстарды басқаларынан жеке оқшаулап, мал дәрігеріне хабарлау, өлген құстарды өртеу, мұздатылған құс өнімдерін асқа пайдаланғанда гигиеналық талаптарды қатаң орындау қажет.
Осындай шараларды қаперде ұстанып, гигиеналық талаптарды қатаң орындай отырып, сақтық шараларын жасау денсаулығымыздың кепілі екенін есте ұстайық.
Аудандық ветеринариялық станция мекемесі