№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ЕЛІМІЗГЕ РЕСЕЙ ТАУЫҚТАРЫН ӘКЕЛУГЕ ТЫЙЫМ САЛДЫ

ЕЛІМІЗГЕ РЕСЕЙ ТАУЫҚТАРЫН ӘКЕЛУГЕ ТЫЙЫМ САЛДЫ


Қазақстан құс тұмауына байланысты ел аумағына Ресейдің 36 құс фабрикасының өнімдерін кіргізуге тыйым салды. Бұл туралы 25 маусымда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Халықаралық эпизоотиялық бюро Ресей Федерациясының аумағында Курск, Пенза және Самара облыстарында жоғары патогенді құс тұмауын тіркеді”,-делінген хабарламада.
Ақпаратқа сүйенсек, эпизоотиялық жағдай осы аумақтарда күрделене түскен. Ал, бұл жабайы құстардың көші-қоны мен жоғары патогенді құс тұмауының ықтимал қауіптерінің салдарын көрсетеді.
Осыған сәйкес, ағымдағы жылдың 21 маусымынан бастап ҚР аумағына тірі құс еті мен инкубациялық жұмыртқа, жүн және қауырсындар, құс еті мен құстың барлық өнімдерін әкелуге тыйым салынды.
Сондай-ақ, термиялық емдеуден өтпеген құстарға арналған жемшөп пен оның қоспаларын импорттауға, таксидермиямен емделмеген аң аулау сыйлары, сонымен қатар Ресейдің жоғарыда аталған аймақтарынан құстарды сақтауға, союға және кесуге арналған жабдықты қолдануға тыйым салынады.
27 маусым 2018 ж. 1 340 0