Соңғы жаңалықтар

№23 (8837) 1

01 сәуір 2025 ж.

№22 (8836) 29

29 наурыз 2025 ж.

№21 (8835) 23

23 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ғалымдар коронавирус қашанға дейін созылатынын айтты

Ғалымдар коронавирус қашанға дейін созылатынын айтты

Оңтүстік Кореяда Билл Гейтс қорының демеуімен вирусты бастапқы кезеңде анықтап, жоя алатын жүйені дамыту қолға алынды, деп хабарлайды "Хабар - 24"

Онлайн режимде өткен конференцияға Корея, АҚШ, Ұлыбритания және Германия ғалымдары қатысты. Корея университетінің профессоры Ким Ву Джу жұқпалы ауруларды ертерек анықтауға мүмкіндік беретін жүйені жасау үшін жұмыс істеп жатқанын айтты. Ол пандемия тағы 2 жыл жалғасады деп болжайды.
«Себебі, адамдар коронавирусты алдын алудың негізгі ережелерін сақтамайды.Ал егер «Бір денсаулық» қағидасы сақталса, вирус болмайды», – дейді Ким Ву Джу.Сонымен қатар, профессор адамдардың джунгли мен орманды жойып, жабайы жануарларды жеп, жаңа ауруларды тудырғанын атап өтті.
«SARS вирусы Қытайдың оңтүстігінде жабайы мысықтарды тұтынған кезде пайда болды. Батыс Африкада жарқанат ұсталған кезде Эбола вирусы анықталды. Қазіргі коронавирус Уханьдағы жабайы табиғат базарындағы жарқанаттан басталды. Адамзат жабайы жануарларды пайдалану арқылы «Пандора жәшігін» ашты», – дейді Джу.
Оның пікірінше, аурулар таралуын болдырмау үшін «Бір денсаулық» қағидасын сақтау қажет. Яғни, адамзат, табиғат пен жануарлар бірге үйлесімді өмір сүру керек деген сөз.  
26 шілде 2020 ж. 679 0