№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Сенімді сервис сізге қызмет етеді

Сенімді сервис сізге қызмет етеді


Бүгінде заман ілгері жылжаған уақытта бәрі де қолжетімді бола түсті. Әсіресе, сауда нарығы күллі әлемде қарқынды түрде дамып келе жатыр. Жаңақорған – Алматы – Астана бағыттарында қажетіңіз болса, «Сенімді сервис» сізге қызмет етеді. Өзі жас болса да, үлкен істі қолға алған Әлішер Нұрланұлы жүйелі жұмыс жүргізіп, аудан тұрғындарына кең көлемде қызмет көрсетуде. Егер Алматы қаласынан сәлемдеме немесе тауар алдыруды ойласаңыз немесе қаладан ауылға керегіңіз болса, әпсәтте жеткізіп береді. Кез-келген сәлемдеме небәрі бір күнде жетуі керек. Бүгінде осындай зызмет түрін қолға аоған жас кәсіпкердің тұтынушыларым да көп.

– Біз тапсырыс берушіден тауарды алып, белгіленген жерге апарып береміз. Яғни, тапсырыс беруші жолға шығып, көлік іздеп басын қатырмайды. Үйінде отырған жерінен алып кетіп, баруы тиіс мекен-жайға жылдам жеткіземіз. Барлық қызмет түрлерін ұсынамыз. Атап айтсақ, таураларды сақтау, жеткізу, орау, төлемдерді қабылдау секілді дүниелермен айналысамын, – дейді ол. Еңбек адамы сарқылмас жігерімен құдіретті.

Табандылық пен ынтажігер жолында еңбек етіп келе жатқан Әлішер Нұрланұлына тұрғындар дән риза. Айталық, кент тұрғыны Гүлмира Әшірова бірнеше айдан бері «Сенімді сервистің» тұрақты тұтынушысы.

– Бұл өте жақсы болды. Өзім базарда сауда жасаймыз. Заттарды Алматы қаласынан алдырамыз. Бұрын қиын еді. Туған-туысты жағалап, әркімге бір өтініш айтып, «базардан затымды алып, автобусқа салып жіберші» деп отыратынбыз. Ол жақтан салуын салғанымен, ауылға келгесін оны күтіп алуда үлкен шаруа. Қазір осы қызметтің арқасында Алматыдағы затымды тікелей базардағы дүкеніме әкеліп беріп жатыр, – деп қуанышын жеткізді.
Көптің көңілінен шығып жатқан атаулы қызметке сәттілік тілейміз.

Әсел РЗАЕВА
29 қазан 2022 ж. 426 0