Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Табысты болудың сыры

Табысты болудың сыры


«Дастарқан көркі – нан». Ескіден келе жатқан ұлық сөздің мәні терең. Иә, наннан үлкен ас жоқ. Нарық заңдылығында да нанға және нан өнімдеріне сұраныс төмендеген емес. Әсел Сыбанның қарекетінен осыны тануға болады. Ол «Хан» кондитер өнімдері дүкенін ашып, халыққа қызмет көрсетуде.

Айтқандай, «Ұмтылыс аз, ұтылыс көп немесе қайыстай ширату» атты мақалада Қорасан ата көшесіндегі «Хан» нан өнімдерін пісіретін наубайхана ғимаратының құны 15 миллион теңге екені жазылып, ірі-ірі сауда орталықтарынан бағалау құны жоғары екенін білдік. Бұл кәсіпкердің іске деген адалдығын аңғартса керек-ті. 
Шағын дүкенге кірген сәттен-ақ, көздің жауын алатын сан алуан тәтті тоқаштар мен ыстық таба нандарды көрдік. Нанға сұраныстың көптігінен тұтынушылар кезек күтіп тұрады екен. Таңертең 500-ден аса нан пісірсе, түс ауа дүкен сөрелері бос қалады.
– Оқушы кезімде анамнан бәліш, кекс, нан түрін пісіруді үйрендім. Кейін қызығушылығым артып, торттың түр-түрін пісіріп, тәжірибе жинадым. Алғашқы тапсырыс беруші үйге келген қонақтардың қатарынан табылды. Кәсіп осылай басталды. Тәттілерімнің ойдағыдай шығуы үшін ізденіп, қосымша білім алдым. Кейде күніне 40-50 тортқа дейін пісіремін. Бұл менің сүйікті ісім әрі кәсібім ғой. Менің осы іспен айналысуыма ата-енем, жолдасым бар жағдайымды жасап отыр. Ол кісілердің көмегі болмаса, мен бұл кәсіпті бастай алмас едім,  – дейді Әсел Сыбан.
Кәсіпкердің табысты болуында тәуекелке иек артып, нарықтықтағы ұсыныс пен сұраныстың ара-қатынасын бағдарлау маңызды. Міне, Әселдің таным-тірлігінен осыны байқауға болады.
– Отбасымызда қызықшылық бола қалса Әселдің тәттілеріне тапсырыс береміз. Оның өнімдерінен бар ықылас-ниетін салып істегенін көруге болады. Торттың дизайндық көркемделуінен нәзіктік пен талғамды байқайсыз, – дейді кент тұрғыны Күләш Құлмырзаева.
Шынында, оның қолынан шыққан нан өнімдері сұранысқа ие. Мұның тағы бір сыры – бағасы қолжетімді болғанынан.
– Мен барынша қарапайым халықтың жағдайына қараймын. Пісірген өнімдерімді қолжетімді бағамен ұсынамын. Адамда қанағат болса, тапқан табыстың берекесі болады. Тортқа қажетті заттар мен коммуналдық шығындарды есептегенде орташа бағаны ұстауға тырысамын. Қазір тұрақты тұтынушыларым қалыптасты. Тіпті карантин уақытында да тортқа тапсырыс бергендер аз болмады. Мен үшін ең бастысы сапасы, – дейді кәсіп иесі.
Кәсіпкердің табысты болуының сыры – талап-талғамы жоғары болуынан, әрі үнемі ізденіп жүретінінен. Міне, бүгінде кәсіп бастайтын азаматтарға жетіспей жататыны осы қасиет.
Әсел КЕҢЕС
18 шілде 2021 ж. 595 0