№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Өз саласының үздігі

Өз саласының үздігі

ХХІ ғасырдағы әрбір сала қызметкерінің басты жетістігі білімділігі мен бәсекеге қабылетті болуымен өлшенеді. Әсіресе, білім саласында жүрген жандардың жауапкершілігі
үлкен. Мұндай білікті мамандардан біздің аудан кенде емес. Солардың бірі аудандық аграрлы-техникалық колледжінің инспекторы Нұртуған Асанов. Ол жақында ғана жыл
қорытындысы бойынша Кәсіподақ Федерациясы жариялаған «Үздік техникалық инспектор» республикалық байқауында облыс намысын абыроймен қорғап, үздік деп танылды.


Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Сәйкесінше таңдау жасау да оңай емес. Соған қарамастан өз саласын жаңылмай тапқан кейіпкеріміз жауапкершілік жүгін сезініп, мамандығының
қызығы мен қиындығын қатар сезініп келеді. Тіпті өзі кез келген байқауға қатысып, бағын сынағанды өмірлік тәжірибе санайды. Сондықтан болар, бұл жолы да республикалық кәсіподақ федерациясы жариялаған байқауда оза шабуды мақсат
етіп, бар оқып түйгенін осы жарыста паш етсем деп армандады. Нәтижесінде,
Елордада өткен «Еңбекті қорғау жөніндегі ең үздік техникалық инспекторы - 2021» жылды қорытындылау сайысының жеңімпазы атанды. Қуанышымен бөліскен Нұртуған
Шымырбекұлы пікірін былайша жеткізді:
– Арнайы күн болып бекітілген кәсіби
мейрам қарсаңында ұйымдастырылған
сайыста білімім мен біліктілігім сынға түсіп,
«бақ шаба ма, бап шаба ма» деген сезім болды. Ғұлама Әл-Фараби
бабамыз «Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз» деген тәмсіл қалдырған екен. Міне, осы бағытта көпшіліктің
адамы болып, ұжымның абыройы үшін еңбек
етіп келемін. Осы ретте тәжірибе жинау мақсатында Республикалық байқауда аймақ намысын қорғағанымды қалаған облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлнар Есқалиеваға, колледждің кәсіподақ төрағасы Алмат Мампаевқа ерекше қолдаулары үшін
алғысымды білдіремін. Қазақстанның түкпір-
түкпірінен келген додада топ жару мен
үшін үлкен мақтаныш. Әріптестерімнің
қолдауын сезінбегенде бұл биіктен мүмкін
көрінбес пе едім. Соңғы сәтке дейін тілекші
екендерін білдіріп, Сыр намысын қолдан бермей намысқа тырысуыма себепші болды, – дейді ол.
Ал әріптесі жайында колледждің кәсіподақ
төрағасы Алмат Мампаев:
– Кәсіподақ ұйымының басты бағыты өңіріміздегі білім қызметкерлерінің құқықтық мүдделерін қорғау, олардың
әлеуметтік жағдайларының тұрақтылығын қамтамасыз ету болса, Нұртуғанның негізгі міндеті білім беру ұйымдарында жүргізілген
қоғамдық қабылдаулар арқылы даулы жағдайларды сотқа дейін жеткізбеу
жолында жұмыс атқару. Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жұмыстары бойынша ішкі бақылау
тиімділігін жасау, өндірістік жарақаттың алдын алу, жұмыс берушілердің еңбек
заңнамасын бұзушылығын анықтау. Айтуға жеңіл көрінгенімен іс жүзіне келгенде бүтіндей бір ұжымның қауіпсіздігін бақылау оңай іс емес. Нұртуған сабырлылығы
мен тәжірибелі маман болғандығының арқасында кәсіби байқауда аймақ
абыройын асқақтатты. Біздер ос сәтті пайдаланып әріптесіміздің алдағы ісіне
тек қана сәттілік тілейміз, – деп ағынан жарылды.
Расында, Нұртуғанның еңбегінің арқасында
қаншама бағытта атқарылған жұмыстар нәтижесі колледж мәртебесін республикада
үздіктер қатарынан көрсетті. Бұған кішкене
болса да өз үлесі тигеніне қуанған кейіпкеріміз жеңіс тұғырынан көріну оңайға
соқпағанын жасырмады. Бұған дейін де Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы ұйымдастырған
республикалық байқауда да облыс бойынша І орын иеленген Нұртуған, жақында
білім және ғылым министрі Асқат Аймағамбетовтың «Алғыс хатымен», білім
беру саласына қосқан үлесі мен еліміздің болашақ иелеріне сапалы білім, өнегелі тәрбие берумен қатар қоғамдық жұмыстарға
белсене араласқаны үшін облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлнар Есқалиеваның «Құрмет грамотасымен»
және облыстық білім басқармасының
басшысы Мейрамбек Шермағамбетовтың
«Алғыс»хатымен марапатталды. Енді аталған
марапаттар қатарына республикалық кәсіподақ федерациясының төрағасы
Сатыбалды Дәулеталиннің үздік деп танылған маманға бұйыратын мадағы қосылды. Кәсіби, білікті маман болуда қай саланың болмасын тізгінін ұстаудан
қашпайтын Нұртуғандай азаматтарымыздың алдынан ұлт болашағын ойлайтын тәрбиелі оқушы шығатынына сенеміз. Өйкені кәсіби жетілу қашанда заман талабы.
                                  Лаура БИБАСАРОВА
29 қазан 2022 ж. 214 0