№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мал азығы дайын ба?

Мал азығы дайын ба?


Егіс даласындағы қарбалас тоқтап, астық қамбаға толы жиналды. Ерте көктемнен кетпенін асып, ала жаздай дала төсінде тер төккен еңбеккерлер өнімін шашпай-төкпей теріп алды. Күріш, бақша өнімдері биыл да жақсы көрсеткішпен түйінделді. Мал азықтары да аз болмады, бағасы да қолжетімді. Енді қысқа дайындықты бір пысықтап алу қалды. Сондықтан, Жаңақорған ауданында қажетті жем-шөп дайындау барысын бағамдап алуды жөн көрдік.

 Былтыр өңірімізде құрғақшылық орын алып облыс бойынша жем-шөп дайындау барысы бірқатар қиындық туғызғаны белгілі. Шаруалар тарапынан және өзге өңірлерден мал азығына сұраныстың артуына байланысты бір бума (пресс) жоңышқа бағасы 1200 теңгеге дейін көтерілгендігі шаруаларды есеңгіретті. Әрине, бұл ұят жағдай болды. Биылғы жылы осы келеңсіз жаңдайларды болдырмау мақсатындағы аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы нақты міндет қойды. Аудан басшысының тапсырмасына сәйкес Сыр өңіріндегі Сырдария өзені арқылы суландырылатын жоңышқалық алқаптардың бірінші орымы басталған сәттен аудан орталығы Жаңақорған кентінде арнайы жем-шөп жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аудан әкімдігі мен ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен Жаңақорған кенті, Құрманғазы Сағырбаев көшесінің бойында бірнеше рет жәрмеңке ұйымдастырылды.

– Осы жәрмеңкенің нәтижесінде жоңышқа шөбінің әр бумасы 450 теңгеге, ал табиғи шөптің әр бумасы 300 теңгеге дейін арзандады.Аудан бойынша 2022-2023 жылғы қысқа түсетін шартты мал басы нақтыланып, 182,7 мың теңге шөп, 36,5 мың тонна сабан және 37,1 мың тонна жем дайындау жоспары бекітілді. Қазіргі уақытта 182,5 мың тонна шөп толығымен дайындалды. Сонымен қатар, 36 мың тонна сабан, 34,5 мың тонна жем жиналды.

Сонымен қатар, «Сенім» шаруа қожалығында тәулігіне 6 тонна құрама жем дайындау цехы жұмыс жасап тұр. Биылғы жылы жоңышқаның үш орымы мен атыз басындағы және су қашыртқы каналдарының жағасындағы табиғи шөптер түгел орылып, тұтынуға қажеттісінен артығының бәрі жоғарыда келтірілген қолжетімді бағалар негізінде сатылымға шықты. Жем-шөп қажеттілігі бойынша ешқандай мәселе ауданымызда туындап тұрған жоқ, – деді аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев.

Қазақ қыстың қамын жаз ойла дейді, қорада төрт-түлігі бар тұрғындар мал қоңын реттеп, көктемге дейінгі жемін жүйелеп қойған болар. Өйткені, биыл шөптің бағасы екі есе арзан болды.

Әли Темірбек

17 қазан 2022 ж. 779 0