№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жастар шөп оруда белсенді

Жастар шөп оруда белсенді

Биыл Сыр өңіріндегі ең өзекті мәселе – жем-шөп дайындау. Дәл қазір Арал ауданында төрт түліктен шығын бар. Біздің ауданда да жағдай мәз емес. Темір жолдан Қаратауға дейінгі көк шалғын аймақ қурап, от қалмады. Енді тау беткейдегі ағайын қысқа қажетті шөп қорын дайындап алмаса, малын сақтап қалуы қиын. Осыған байланысты қазір Сыр беткейдегі күріштік алқаптарда қамыс ору науқаны қыза түсті. Ауданға іс-сапармен келген облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қыркеңсе ауылдық округіне арнайы барып, қамыс ору науқанын көріп, ерікті жастарға сәттілік тіледі.

Қазіргі таңда «Жасыл ел» жасақ сарбаздары мен ауданымыздың белсенді жастары бірігіп Қыркеңсе ауылдық округіне қарасты «Құдірет» шаруа қожалығындағы қалың қамыс шөбін орып, тау беткейінде орналасқан ауылдық округтердегі шаруа­ларды жем-шөппен қамтамасыз етуге еңбектенуде. Алдағы уақытта шөп ору жұмыстарының нәтижесінде қыстауға қаты­сатын мал басын толық жем-шөп қорымен толықтыру жоспарлануда.
Облыс әкімі шөп орымына қатысқан ауыл жастарымен пікірлесті. Ерікті жастың бірі Бауыржан Әбдуәлі көпшіліктің көкейіндегі мәселені жеткізді.
– Биыл құрғақшылық пен қымбатшылық елді қос бүйірінен қысып, сын тезіне салды. Көктемнің кеш шығуы мен жауын-шашынның мөлшері аз болуынан табиғи шөп ерте қурады. Соның салдарынан малдың күйі қашты. Ал қоңы көтерілмеген түлік қыстан өтуі қиын. Мұндайда жем-шөптің мол қорын жинау маңызды. Біз осы бағытта дем беру үшін қолға орақ алдық. Қолымыздан келгенше қолғабыс жасауға келдік, – дейді жалынды жас.
Міне, осындай қысылтаяң шақта бірігіп, ортақ іске жанашырлық танытқан жастарға облыс әкімі ризашылығын білдірді.
– Шаруалардың қысқы мезгілге дайындығы, мал азығының толық болуы басты мәселе. Сондықтан аудандарды аралап, егін шаруашылығы саласындағы мәселелерді саралап, қысқа жем-шөпті дайындауды пысықтап жүрміз. Алдағы уақытта жоңышқа дақылдарының екінші, үшінші орымдарынан және табиғи шөп, күріш, бидай дақылының қалдықтарының жиналуымен төрт түлікке қажетті жем-шөп қорымен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Менің тапсырмама сәйкес жұмысшы топ құрылып жоңышқа шөбінің бағасы мен мал азығын дайындауға байланысты тиісті жұмыстар атқарылуда, – деді облыс әкімі.
Айта кететіні, аудан бойынша 23 260 гектар малазықтық дақыл орналастырылған. Оның ішінде, жаңа жоңышқа – 4300 гектар, ескі жоңышқа – 14170 гектар, күздік бидай – 4590 гектарды құрайды.
13 шілде 2021 ж. 675 0