№38 (8749) 14

14 мамыр 2024 ж.

№37 (8748) 11

11 мамыр 2024 ж.

№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жаңақорған ауданында қажетті жем - шөп дайындау барысы қалай?

Жаңақорған ауданында қажетті жем - шөп дайындау барысы қалай?


Өткен 2021 жылы өңірімізде құрғақшылық орын алып облыс бойынша жем - шөп дайындау барыстары бірқатар қиындық туғызғаны баршаға мәлім. Шаруалар тарапынан және өзге өңірлерден жем - шөпке сұраныстың артуына байланысты бір бума (пресс) жоңышқа шөбінің бағасы 1200 теңгеге дейін көтерілгендігі белгілі.

Биылғы жылы осы келеңсіз жаңдайларды болдырмау мақсатындағы аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетовтің арнайы тапсырмасына сәйкес Сыр өңіріндегі Сырдария өзені арқылы суландырылатын жоңышқалық алқаптардың бірінші орымы басталған сәттен аудан орталығы Жаңақорған кентінде арнайы жем - шөп жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл жөнінде аудан әкімдігі мен ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен Жаңақорған кенті, Құрманғазы Сағырбаев көшесінің бойында бірнеше рет жәрмеңке ұйымдастырылды. Осы жәрмеңкенің нәтижесінде жоңышқа шөбінің әр бумасы 450 теңгеге, ал табиғи шөптің әр бумасы 300 теңгеге дейін арзандады.

Аудан бойынша 2022 - 2023 жылғы қысқа түсетін шартты мал басы нақтыланып, 182,7 мың теңге шөп, 36,5 мың тонна сабан және 37,1 мың тонна жем дайындау жоспары бекітілді. Қазіргі уақытта 182,5 мың тонна шөп толығымен дайындалды. Сонымен қатар, 36 мың тонна сабан, 34,5 мың тонна жем жиналды.

Аудан бойынша 15 дана тәуілгіне 30 тонна күріш ақтау цехтарынан күріштің қалдықтарынан жем дайындалуда. Сонымен қатар, «Сенім» шаруа қожалығында тәулігіне 6 тонна құрама жем дайындау цехы жұмыс жасап тұр. Биылғы жылы жоңышқаның үш орымы мен атыз басындағы және су қашыртқы каналдарының жағасындағы табиғи шөптерді түгел орылып, тұтынуға қажеттісінен артығының бәрі жоғарыда келтірілген қолжетімді бағалар негізінде сатылымға шығарылды, жем - шөп қажеттілігі бойынша ешқандай мәселе ауданымызда туындап тұрған жоқ.

Талгат Зейдалиев - аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы
10 қазан 2022 ж. 788 0