Антитеррор Жаңақорғанда
2022 жылдың 5 қазаны күні Жаңақорған ауданы «Кегок» ЖШС аумағында терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулары өткізілуде.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб іс-шараның жоспарлы сипатқа ие екенін және күрделіліктің түрлі элементтерін қолдана отырып барынша жақындатылған оқу-жаттығу болып табылатынын хабарлайды.
Іс-шараның мақсаты – терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жаңақорған ауданының жедел штабының күштері мен құралдарының өздеріне жүктелген міндеттерін орындауға дайындығын тексеру.
Аудан қонақтары және тұрғындарынан автокөліктердің қозғалысындағы уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, сабырлық сақтауды және тек ресми ақпараттарды басшылыққа алуды сұраймыз.
Біле тұра жалған ақпарат таратудың ҚР ҚК 274-бабымен көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын естеріңізге саламыз.