№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы


Құрметтi ұстаздар!

Сiздердi Ұстаздар күнi кәсiби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміз Тәуелсiздік алған жылдардан бастап бiлiм берудi дамыту, адами капиталды жетiлдiру мемлекеттiк саясаттың басым бағыттарының бірі болып келедi. Сапалы бiлiмге қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, бiлiм берудiң бәсекеге қабiлеттiлігiн арттыру мақсатында мемлекеттiк бағдарламалар қабылданып, кешенді шаралар жүзеге асырылуда.

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Үкіметке үш ауысымдағы және апатты жағдайдағы мектептерді түбегейлі шешуді тапсырды. Сондай-ақ, Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екендігіне тоқталып өткен болатын. Биылғы жылдың өзінде ауданымызда 3 жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Білім ошақтарының материалдық - техникалық жағдайын жақсарту, оларды озық технологиялармен жабдықтау жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырыла беретін болады.

Ұстаз - қоғамдағы ең құрметтi де қадiрлi мамандықтың бiрi. Өйткенi, адами ізгі қасиеттерге бай шынайы ұстаз өз шәкiрттерiнiң жүректерiнде бiлiмге деген құштарлықты және Отанына деген сүйiспеншiлiктi оятады. Әрқайсымыздың жүрегімізде ұстазға деген құрмет сезімі шексіз.

Ұстаз әрбір шәкіртінің ішкі әлемін, жан дүниесін жете танып, оны байытып, жарқын болашаққа бағыттайтын абзал жан. Ертеңгі күннің еншісі – бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланады. Біздің заман – жаңа кезең. Жаңа көзқарас, жасампаз жаңашылдықтың дәуірі. Сіздер берген білім мен тәрбиенің арқасында бала бойына сіңіріліп жатқан Тәуелсіздік, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ешқашан мәнін жоғалтпайды. Сондықтан, осы жолдағы Сіздердің ұшан - теңіз еңбектеріңіз қоғам дамуына қосып жатқан табыстарыңыз деп білеміз. Ауданымыздың бiлiм беру жүйесiн дамытуға, білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеуге қосып келе жақан лайықты үлестеріңіз үшін шынайы алғыс білдіремін.

Қадірлі ұстаздар!

Балаларымызға беріп жатқан білім мен таным-тәрбиелерiңiз алдарыңыздан әрдайым алғыс болып шыға берсін. Сiздерге зор денсаулық, мол береке, ұстаздық жолда шығармашылық табыстар мен жетiстiктер тiлеймiн. Кәсiби мерекелерiңiз тағы да құтты болсын!

Ізгі ниетпен,
Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов
02 қазан 2022 ж. 710 0