№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мақсаты биік маман

Мақсаты биік маман


Үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасы аясында салынған озық технологиялы өндіріс орны «СКЗ-U» ЖШС ауданның ғана емес, еліміздің тұтас экономикасына екпін беріп отырған кәсіпорын. Күкірт қышқылын дайындайтын өндіріс орнының әлеуеті күннен күнге артып келеді. Бүгінде күкірт қышқылы еліміздегі уран өндіретін кәсіпорындар мен халық шаруашылығында кеңінен қолданылып жүр. Біз бүгін аталмыш зауыттың бас инженері Сәбит Дауылбаевты кейіпкер еттік.

  Ол 2005-2009 жыл аралығында Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Металлургия» мамандығы бойынша бітіріп, алғашқы еңбек жолын Павлодар қаласындағы «Аллюминий Казахстана» АҚ-да бастаған. Одан әрі жұмыс бабымен «СКЗ-U» ЖШС-не ауысып, зауыттағы күкірт қышқылы цехына аппаратшы болып ауысады. Тәжірибе жинақтай жүріп, қандай салада болмасын біліктілігінің арқасында бағаланатын білген жас маман өзі оқыған оқу орнына магистратураға түсіп, оны «Техника және металлургия мамандығы бойынша» тәмамдайды. Қарапайым жұмысшылықтан басшылық қызметке дейін көтерілген Сәбит бас инженерлік қызметке 2021 жылы тағайындалып, осы күнге дейін абыроймен атқарып келеді.

 Міндетіне жауапкершілікпен қарайтын маман ізін басып жұмысқа енді қабылданып жатқан жас мамандарға тәжірибесімен бөлісіп, білгенін үйретуден жалыққан емес. Тіпті өндіріс орнындағы жұмыс процесіне, олардың қауіпсіздігіне, зауытта жүріп-тұруына, жұмыс кестесіне дейін қадағалайтын тәжірибелі маман жұмысшылардың өз өміріне жауапкершілікпен қарауы  әрқашан бірінші орында екенін ескертіп отырады.

– Қызылорда облысындағы күкірт қышқылы зауыты Үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасының өңірдегі ең табысты жобасы болып табылады. Өзіңіз көріп отырғандай, өнеркәсіп толық қуатында, автоматты жағдайда тұрақты жұмыс істеп тұр. Зауыт жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын және электр энергиясын өндіреді. Бүгінде аталмыш электр энергиясы серіктестіктің жұмысшылар тұратын қалашығын толықтай жарықпен қамтамасыз етіп отыр.

«СКЗ-U» ЖШС еліміздің экономикасына үлес қосумен бірге әлеуметтік жауапкершілікті де қатар алып жүруімен ерекше, – деп өндіріс орнының күнделікті жұмысына тоқталып өтті.

Расында кәсіпорында күкірт қышқылы қазіргі заманғы ең озық және тиімді саналатын технология негізінде өндіріледі. Шикізаттың мақсатты өнімге айналуы 99,9 пайызға тең. Бүгінде 300-ден астам адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын өндіру технологиясы бойынша қалдықсыз жұмыс жасайды және шикізатты өнімге айналдыру көлемі 99,9 пайызды құрайды. Ал жобаның ерекшелігі – экологиялық тұрғыдан таза.

Дүние жүзінде мұндай ондаған зауыт бар. Дегенмен, қызылордалық күкірт қышқылы зауыты өнім өндіру көлемі жағынан олардан көш ілгері болып саналады. Мәселен, Италияның Сардиния аралындағы осындай зауыт жылына 180 мың тонна өнім өндіреді екен.
Жұмысшыларының өміріне жауапкершілікпен қарайтын серіктестік басшылығы қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуына ерекше мән берген. Әлеуметтік пакетке толықтай медициналық сақтандыру енген. Мұнымен қоса, зауытта күн сайын қызметкерлердің денсаулығын қадағалайтын тұрақты медициналық пункт жұмыс жасайды.

Серіктестік болашақ мамандарды дайындауда да белсенділік танытуда. Кәсіпорын есебінен жоғарғы оқу орнында оқитын студенттер санының қатары жыл сайын өсіп келе жатқанынан байқауға болады. Ал оқуын бітірген соң жастардың осы зауытта жұмыс жасауына да мүмкіндік бар.

Осы зауытта, ең маңыздысы ұйымшыл ұжымда жұмыс жасайтынына өкінбейтін Сәбит жерасты байлығын өзге қоспалардан сілті қышқылы арқылы айырып алатын өнеркәсіп орындарының сұранысын қамтамасыз етуде еңбек ете беретінін тілге тиек етті. Өйткені зауыт жұмысы нәтижесінің жоғары деңгейден көрінуі тікелей өзіне, одан кейін бағыт-бағдар беретін қарамағындағы қызметкерлерге байланысты екенін жақсы түсінеді.

Бастысы, Сәбит Әлмаханұлы зау­ыттың ұстанған барлық бағыты көпшілікке қажетті, қоғамға маңызы зор бастамалар екенін біледі. Білімсауаттылық, денсаулық-сапалық, инновациялық-цифрлық, қайырымдылық, игілік секілді бағыттарды да қатар алып жүретін өндіріс орнының мақсаты айқын. Ендеше қадамы қарыштап, өрісі құлаштап дамып келе жатқан зауытты заманмен үндескен зауыт деуге болатындай.

Лаура БИБАСАРОВА
06 сәуір 2023 ж. 467 0