«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ұшқын боп маздап, жалындап жанғым келеді

Ұшқын боп маздап, жалындап жанғым келеді


Ұстаз!  Ұстаздық етуден асқан ұлылық бар ма? Уақытпен санаспай, бағытынан адаспай ұстазық ете білу – бір ерлік.

 Ұстаз десе... Жүзінен күн нұрындай жылылық ескен, барлық ой мен қимыл – әрекет ақылдың дәнін сеуіп, адамзат санасына нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесін сезінемін. Алдыңғы буыннан тәлім ала отырып, кейінгі жастарға өнеге қалдыруды мақсат етіп, менің де ұшқыннан алау маздатып, жалындап жанғым келеді. Осылайша мен ұстаздық жолымды Өскенбай Жұмаділлә атындағы дарынды балаларға арналған мектебінен бастадым.

 Өскенбай Жұмаділлә атындағы дарынды балаларға арналған мектеп өз жұмысын 2021 жылдың шілде айынан бастап жүргізіп келеді. Ауданымызда алғаш ашылған жеке мектепке «Өскенбай Жұмаділлә атамыздың есімі берілген. Ол кісі Байкенже ауылдық округінің әкімі қызметін ұзақ жылдар абыроймен атқарып, ел өркендеуіне еңбегі сіңген. Сыртта жүрген ағайынды елге әкеліп, біраз шаңырақтың шамын жаққан. Сол жарық сөнбесін, әр баланың жүрегіне білім шырағы маздасын деген мақсатпен әке атын өзі ашқан мектептің атына берген Елдос Өскенбаев Жұмаділләұлының басты мақсаты білімді, ұлтжанды, заман талабына сай дарынды балаларды тәрбиелеп, білімді болашаққа өз үлесін қосу.

 Қазіргі таңда ата-ананың жеке мектепке деген сұранысы өте жоғары. Себебі жеке мектептерде оқушы таңнан кешке дейін уақытын тиімді пайдалана алады. Яғни, оқушы бұл жерде ең бірінші стандартқа сай білім ала отырып, үй тапсырмаларын орындап, түрлі үйірмелерге қатысады. Арнайы мұғалімдердің бақылауында болады. Бала үшін қосымша үй жұмысын орындату, екі мезгіл тамақтану, арнайы тынығу бөлмесі, тасымал жүйесі, түрлі үйірмелер қамтамасыз етілген.

 Мектеп қабырғасында өткен жылы 1-4 сынып аралығында 17 сыныпта 271 оқушы білім алған болатын. Қазіргі таңда 1-5 сынып аралығында 23 сыныпта 380 оқушы мектепке тіркеліп білім алуда. Білім ұясының директоры Жүрментаева Айнұр Шакидуллақызы мектептің даму жолына ынта-жігерімен ат салысып, оқушы мен ұстаз, атаана үштігімен қарқынды түрде жұмыс жасауда. Оқушылардың сапалы білім алуын негіздеп, мектепке ауданымыздың ең білікті, ең мықты тәжірибелі ұстаздарды және заман талабына сай жаңа технологияларды жетік меңгерген жас мамандарды қабылдады. Биылғы оқу жылында барша жас мамандар «Жаңартылған білім жүйесімен» оқып, тәжірибе жинақтады. Мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі – білім саласында 40 жыл еңбек сіңірген Сыздықова Ләззат Әбсаттарқызы мектептегі барша педогогтарға жол сілтеп, дұрыс бағыт-бағдар беріп, қашанда өз білгенін өзгеге үйретуден жалықпайтын тәжірибелі ұстазымыз.

 Ләззат Әбсаттарқызының басшылығымен былтырғы жылы мектебімізде білім, өнер, спорттан түрлі үйірмелерде іс-шаралар жүргізілді. Олардың барлығы дерлік жоғары деңгейде өтті. Солардың біріне тоқталып өтсем, жетекшісі Айгүл Қалжанқызының «Менталды арифметика» үйірмесі аясында өткен және аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда оқушыларымыз жоғары нәтиже көрсете білді. Балалар Шымкент, Алматы қаласында өткен жарыстарда жүлдемен оралған болатын. Сонымен қатар оқушым Тәңірберген Камила Түркия республикасының Алания қаласында өткен «Менталды арифметика» жарысынан 3 орынды иеленіп, елімізге үлкен абыроймен оралды. Камиланың алдағы Дубайда өтетін сайыста жүлдемен оралуына тілектеспін.

Барша ұстаздар қауымын және әріптестерімді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Келешегі кемел шәкірттеріміз көп болғай!




Динара Мұхтарқызы
02 қыркүйек 2022 ж. 352 0