№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Наркоз – адамзат тарихынан сыр

Наркоз – адамзат тарихынан сыр


2009 жыл... Омыртқама ота жасату мақсатында Ташкентке келе жатырмын. Келе жатырмын дегенім бос әңгіме, әкем көтеріп келе жатыр. Көңіл алаң... 76 келіден 46 келіге түсіп кеткенмін. Омыртқамнан шойырылып жүре алмай қалғанымды тағы қосып қойыңыз. Дәрігер Югай Максимовичтің айтуынша отадан соңғы нәтиже 50/50. Кепілдік бере алмайтынын айтып, басын алып қашты. Не ақырындап жүріп кету не өмір бойы арбаға таңылу. Шешімді өзім қабылдауды айтты. Мен әкеме қарадым. Біздің шешіміміз бір жерден шықты. Мұны іштей ұғыныстық. Менің тағдырым шешілетін отаға алып кетіп бара жатқанда әкем лифтке дейін шығарып салды.

Ештеңе айтпады. Тек, лифт есігі жабылып жатқанда көзім көзіне түсіп кетті. Сондағы мейірімді көрсеңіздер ғой... Ал, сіздер әкенің мейрімі балаға жездедей-ақ дейсіздер! Жәә... Айтайын дегенім наркоздың дәмін алғаш рет сол жерде татып көрдім. 3 рет. Сонда сезгенім тамағыма біреу кесемен таза спирт құйып жібергендей болды. Өңешімді өткір кездік тіліп өтті. Біраздан соң, галлюцинация басталып, ұшып жүрген дене мүшелерімді жинаумен әлек болып кеттім. Ал, реал өмірде шынында да омыртқамды екіге бөліп тастаған болатын... Ұйықтатудың ерекше әдіс-тәсілдері Адамзат пайда болғалы ауру да айрылмас досындай серігі болып келе жатыр. Тіпті ең дені сау деген адамның өзі кейде түшкіріп-пысқырып тұрады. Дененің ауруы медицина тілімен айтқанда аурудан қорғану, мидың белгі беру реакциясы. Ми адамда ауру белгілілері басталғанда кейбір дене мүшелеріміздің қызметі бұзылғанын ескертеді. Бір жақсысы ол ауруды тез анықтап, алдын алуға көмектеседі. Адам емеделмесе ауру белгілері күшейе түседі, ұйқысы бұзылады, жұмысқа деген ынтасы төмендейді, орталық жүйке жүйесі бұзылып, қан айналымының қызметі бұзылады. Нәтижесінде адам денесіндегі аурулардан қинала бастайды. Ал, осындай келеңсіздіктер адамға ота жасалғанда тіпті күшейе түседі. Міне, сондықтан, адам денесіне кейбір еліткіш қоспалар егіліп оны терең ұйқыға батырып, ауруды сезбейтіндей дәрежеге жеткізеді. Осылай науқас уақытша есін жоғалтады. Саналы түрде әрекет ете алмайды. Бұл медицинада – наркоз (грек. narkosіs – мелшию, ұйып қалу) деп аталады. Наркоз ота жасау кезінде науқас қиналмау үшін егіледі. Бірақ, адамзат бұл істе бүгінгі дәрежеге жету жолында тарих дөңгелегі астында қаншама тер мен еңбек иленіп жатыр. Орта ғасырда ауруды басатын дәрілерге теріс көзқараста болғандар да жетіп артылған. Мысалы, христиан дінінде ауру – пенденің құдайдан берілген денені тазалаушы, рухын жуатын жаза. Оны жеңуге әрекет ету құдайға қарсы келгенмен бірдей деп есептеген. Тағы бір мысал, 1591 жылы шотландиялық бір бекзада әйел толғақ уақытында дәрігерге ауруды басатын дәрі беруін сұраған. Дәрігер оның тілегін орындап көмек көрсеткен. Әйел аман-есен босанады. Бірақ қуанышы ұзаққа созылмайды. "Әйел заты толғақ азабын міндетті түрде тартуы керек. Әйтпесе ол құдайға шек келтіргенмен бірдей" деген қазылар оны өртеп жіберу үкімін шығарады. Осындай кедергілерге қарамай, жанкешті дәрігерлер адам ауруын басатын дәрілермен көптеген тәжірибе жүргізген. Кей жерлерде адамға ота жасау, ауруы асқынған дене мүшесін кесіп тастау кезінде ауруды сезбеу үшін басына қатты соққы беріп ұйықтатып тастайтын болған. Бұл іспен тек бастың қай тұсына соққы беруді жақсы білген арнайы мамандар айналысатын. Тағы бір ерекше әдіс – айналасындағылар аурудың бебеулеген даусын естімеу үшін ота барысында дәрігерлер үлкен қоңырауларды соқтырып қойған. Уақыт өте келе ота жасау кезіндегі ауруды басатын әдістер де дами берген. Адамнан айла артылған ба, ота кезінде артерия тамырларын қысу арқылы науқасты есінен тандырып, отаны ың-шыңсыз атқаратын дәрежеге де жеткен. Науқастың аяқ-қолын кесу кезінде оның күре тамырларын шырмап байлап тастау арқылы қанды тоқтатып, адамды терең ұйқыға батыратын кездер де болған. Алтынкүкірттің өмірге келуі немесе адамды естен тандыратын газдар Орта ғасырларда ғалымдар адам денесіндегі ауруды сездірмейтін дәрілер ойлап тапты. Медицинада спиртті наркоз қолданыла бастады. Өкінішке орай тағы да дін өкілдері бұл дәрілерге қарсы шықты. Сынықшылар да жаңа дәрілерді пайдалана бастады. XV ғасырға келіп, адамды мәңгүрттендіретін, әсіресе қылмыскерлерді жазалауға таптырмас құрал ретінде пайдаланылатын «қарғысталған ішімдік» пайда болды. 1540 жылы швейцар алхимигі, дәрігері Парацельс ұйықтататын қабілетке ие дәріні ойлап тапты. Бұл кейін – "алтынкүкірт" деп аталды. Қысқасы, ауруды басатын талай қадамдар жасалды. Оны кейде құп алды, кейде қолданыстан шығарып тастады. Қайта қабылдады және жарамсыз етті. Міне, осындай итжығыс әрекетпен ХІХ ғасырға табан тіреді. Бұл кезеңде де дәрігерлер ауру алдында әлсіз болатын. Дәрігерлердің түрлі қоспалардан, мандрагора, меңдуана,цикута қосып дайындаған дәрілері кейде нәтижесін беріп, үмітті ақтаса, кейде ақтамай жатты. 1776 жылы ағылшын химигі, философы Джозеф Пристли (Joseph Priestley) ауруды басатын азот оксидін ойлап тапты. Оның отандасы Гемфри Дэви бұл қоспаны ауруды басатын дәрі ретінде пайдалана бастады. Енді жиырмаға келгеніне, білімі, көрген-түйгені аздығына қарамай осы мақсатта тәжірибелер жасайды. Алдымен, ақыл тісінің шығуына байланысты ауруды басатын препаратты өзінде сынап көреді. Содан соң мысықты тәжірибеден өткізеді. Азот қоспасы адамды мас етіп, оған көтереңкі көңіл-күй сыйлаудан бөлек ауруды басатын қабілеті бар екеніне әбден көзі жетеді. Сондықтан бұл жаңалығын “естен тандырушы газ” деп атады. Жас химиктің ғажайып дүниесі бір демде Еуропаға таралды. Адамды жетінші аспанға апаратын қоспаның дәмін татып көруге көпшілігі асығатын. Аңыздағы өмір сыйлайтын ішімдік – "зәмзәм суын" тапқан, адамзат тарихында күллі химик пен алхимиктер орындай алмаған істі бар-жоғы жиырма жастағы баланың ойлап тапқаны Еуропаны таңданысқа түсірді. Бірақ, Дэвидің өзі бұл дәріні кішігірім қан кететін оталарға қолданбаса, өмір мен өлім тайталасатын оталар үстінде тәжрибеден өткізу пайдасыз деп есептеді. Бірақ, оның дәрісін уақыт өте келе медицина ілімі өзі ойлағаннан да үлкен құдіретке ие екенін дәлелдеді. Тән ауруына қарсы күресіп, жан ауруын жеңе алмаған дәрігер 1844 жылы Солтүстік Американың Хартфорд қаласында тұратын химик Колтон азот қоспасының пайдалы тұсын бүкіл қоғамға дәлелдеді. Ауырып отырған бір жігіт азотты иіскеп көңілінің көтерілгені сонша, қуаныштан секіріп құлап аяғын сындырып алғанын да сезбей қалды. Бұл дәрі адамды мәңгүрт халге салып, не айтып, не істегенін білмейтін мас күйге түсіретінін білген соң, оны цирк әртістері халық алдында өз нөмірлерінде пайдалана бастады. Бұл ғажайып қоспаны тіс дәрігерлері де пайдалана бастады. Америкалық стоматолог Хорас (Гораций) Уэллс (Horace Wells) 1844 жылы тістерді емдеу кезінде азот қоспасы ауруды расында да басатынына көзі жетіп, тағы бір стомотолог Джон Рингті шақырып, азот қоспасынан жаңадан ауруды басатын дәрі дайындап өзіне пайдаланып, тісін жұлдырып тастайды. Жеңіл ғана шаншуды сезінген ол “тіс емдеу дәуірінің гүлденеген уақыты келді” деген ойға келеді. Ол Бостонға келіп, досы һәм әріптесі Мортон және доктор Чарльз Джексонмен кездесіп жаңалығын медицина факультетінің профессорлары мен студенттері алдында бөліседі. Бір күні Уореннің шақыруымен медицина қоғамына келіп, тәжрибесін дәрігерлер мен студенттер алдында бөлісу кезінде келеңсіз жағдай орын алады. Тәжрибеге келісім берген адамның тіс жұлу кезінде оқыстан жан-айқайы шығады. Бұл жолы қоспаны Колтонның айтуымен дайындағандықтан, құрамында ауруды басатын газ аз болып азот оксиді қысқа уақытта өз күшін жоғалтып, науқасқа әсер етпей қалады. Хорас жиналған қауым алдында күлкіге қалады.  Осыдан соң сәттіліктің ауылы Уэлсстен алыстай түседі. Өзі жетілдірген ауруды басатын дәріні медицинаға енгізейін десе де мақсатына жете алмай-ақ қояды. 1846-47 жылдары америкалық дәрігер Уоррен мен ресейлік хирург Николай Пирогов Уэлсс ойлап тапқан қоспаны пайдаланып ота жасап, екеуі де жақсы жетістіктерге жетеді. Бұл Уэлсске қатты соққы болып тиіп, айықпас дертке шалдығады. 1848 жылы 24 қаңтарда аяғының күре тамырын кесіп өз-өзіне қол жұмсайды. Жанкешті ғалымның ісін кейін әріптестері Колтон мен Смит жалғастырады. Екеуі 1863 жылдан бастап стоматологияда естен тандырушы газды кеңінен қолдана бастайды. Бұлардың тәжрибесі Америкаға, Еуропаға таралды. Әсіресе, ағылшын мен француз хирургтері бұл дәріні ірі оталарда, көкірек безін кесіп тастау сияқты күрделі операцияларда қолдана бастайды. Тән ауруына қарсы күрескен Уэлсс жан ауруын жеңе алмады. Өз еңбегінің жемісін көре алмай өмірден арманда өтіп кетті. Бірақ, кейінгі ұрпақ оның еңбегімен, медицинадағы жетістігін ұмыт қалдырған жоқ. Нью-Йорктағы оның қабіріне “Гораций Хорас Уэллс – анестезияны ойлап табушы” деп жазылған. 2012 жыл... Менің 100 метрге 5 рет тоқтап жететін жүрісім, 3 жылдан соң 1-2 шақырымға қиналмайтындай дәрежеге жетті.  Сондықтан болар қазір 10-20 шақырым жаяу жүргеннен ләззат аламын және оған наркоздың да пайдасы көп тигенін бірде есіме алсам, бірде ойыма кіріп те шықпайды. Кейде ойлаймын, адамзат игілігі үшін жаратылған заттар артында қаншама еңбек пен маңдай тер, төгілген қан жатқанын еске ала бермейміз. Біз үшін олар жай ғана қажеттілігіміз үшін қолданатын құрал. Басқа ештеңе...

Дереккөз: мassaget.kz сайты.
05 мамыр 2018 ж. 888 0