Қазгидромет: Қызылордада тұман түсіп, көктайғақ болады
Қазақстан аумағының басым бөлігінде, Солтүстік-Батыс циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, оңтүстіктің таулы аудандарында нөсер жауын болады. Кей жерлерде көктайғақ болып, тұман түседі, жел күшеюі ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, түнде және таңертең екпіні 23 м/с-ке жетежі.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың оңтүстігінде және солтүстік-шығысында жел күшейі, жылдамдығы секундына 17-22 м/с-ке жетеді.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында көктайғақ болып, облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, түнде солтүстік–шығыста, оңтүстік-батыста және таулы аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, облыстың оңтүстік–батысында екпіні 23-28 м/с болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде солтүстікте, шығыста көктайғақ, бұрқасын болады.
Түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жаяу бұрқасын соғып, күндіз облыстың оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында және орталығында жаяу бұрқасын болып, облыстың солтүстігінде – тұман түседі, облыстың орталығында, оңтүстік–шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының шығысында – көктайғақ болып, облыстың солтүстігінде – тұман түседі.
Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады, облыстың шығысында тұман түседі.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады. Түнде Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, облыстың батысында және орталығында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді, күндіз облыстың оңтүстігінде – жаяу бұрқасын болады.
Атырау облысының солтүстік-шығысында тұман түседі. Маңғыстау облысының батысы мен солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі, облыстың солтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.