Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мағжанның ізбасары

Мағжанның ізбасары


Жылдағы дәстүрге айналған «Мағжан оқулары» атты ғылымишығармашылық байқауы биыл Сыр өңіріне сүйінші жаңалығымен келді. Петропавл қаласында өткен ақтық мәреде аймақ атынан сынға түскен №163 орта мектептің оқушысы Әсел Мәулен 1-орынды қанжығасына байлап, аудан абыройын асырды. Жеңіспен оралған білімгер мен оның ұстазын аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов құттықтап, алғысын айтты.

 Үміткерлер байқауда аудан және облыстық кезең бойынша 3 бағытта бағын сынады. «Өлең менің – Шолпаным, Айым, Күнім» атты ақын шығармаларын жатқа айту, екінші бағыт «Жасынан өлең оқып, өнер қуған...» ғылыми жоба және «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» жас дарындар конкурсына елдің барлық өңірінен талантты балалар қатысып, білімін шыңдады. Әсел алдымен аудандық кезеңде бас жүлдені иеленсе, облыстық аламанда да дара шығып, Солтүстік өңірде өтетін республикалық сынға жолдама алды.
 – Әсел айналайын, сен мектептің немесе ауданның ғана емес, аймақтың, Сыр елінің мерейін тасыттың. Бұл ортақ қуаныш, зор мақтаныш. Ең бірінші, атаанаңа, сосын тәлімгерлеріңе, ұстаздарыңа және өзіңе алғысым шексіз. Жаңақорғанда қанашама дарынды бала бар, олардың дені осындай талантымен тұғыр төрінде жүрсе, міне Әсел де сол тізімнен орын алды. Былтыр бұл оқушының айрықша аяқалысын аңдап, келешегінен үлкен үміт күтетінімді жеткізген едім. Үміт ақталды, саған аудан ұстаздары атынан мың рахмет. Келер жылы да басқа да байқаулардың биігінен көруге жазсын. Еңбек еленді, енді осы талантты шыңдап, шығармашылықты арттыра түсу керек. Біз шәкірттерімізбен мақтанамыз, солардың жетістігімен еңбегіміз өлшенеді. Бәрінен бұрын мамандық таңдауда қателеспеу керек, жеңісті күндерің көп болсын, – деп Болат Мақсұтұлы жылы тілегін білдіріп, гүл шоғы мен ұялы телефонды сыйға тартты.
 Әрқашан оқушылардың жетістігі үшін бірге қуанып, оларға құрмет көрсетіп, бала көңіліне шаттық сыйлауға тырысатын ауданның бас ұстазы шәкіртінің жеңісі үшін оның жетекшісі Айгүл Назарымбетоваға да рахметін айтты.
 – Шыны керек, республикадан үздік шығу бақыты бұйырады деп ойламадым. Өте қуаныштымын. Алдымен ата-анама, ұстазыма басымды иемін. Осындай жетістігім үшін қуанып, құрметтің көрсетілуі шабытымды шыңдауға, одан әрі жігерлене түсуіме үлкен жол ашады. Бұйырса, келер жылы бұдан да биіктен көрінуге барымды саламын, – деп жеңімпаз тебіренісін жетікзді.
 «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, ҚР «Тілдер туралы» Заңын іске асыру аясында Мағжан Жұмабаевтың мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған байқау 7-11 сынып оқушылары арасында өтті. Өскелең жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа баулу, жаңа буынның интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру, дарынды балаларға қолдау жасауға бағытталған байқаудың берері көп. Әсіресе, әдебиет сүйер буынның болашағына, талантының танылуына жол ашады.
 – Шәкіртімнің жетістігіне Аллаға шүкір деймін. Бұл бастамасы деп білемін, қолдау білдіріп жатқан Болат Мақсұтұлына, құттықтап жатқан әріптестеріме алғыс білдіремін. Жалпы аудандық кезеңнен өту қиын болмады, тек облыстық сынның шешуші сәтінде қос мықтының арасында бір-бірден тақырып беріліп, өлең жазу тапсырылды. Әсел тіл туралы тебірене жазып, қазылардың көңілнен шықты. Дәл осындай сәт республикалық кезеңде де орын алып, Әсел көрші туралы өлең шығарып, көпшілік пен әділ қазылардың ерекше ықыласына бөленді. Ақтық кезеңде елдің 19 облысынан 20-дан аса үміткер бақ сынаған болатын, талантымен тәнті еткен шәкіртім осылай бас бәйгені тарту етті. Келер жылы ҰБТ басталады, дегенмен Әсел байқаулардан қол үзбей, қуанта береді деп сенемін, – дейді Айгүл апайы.
 Әселдің таланты бала кезінен танылған. 5 сыныптан бастап түрлі деңгейдегі байқауларда бақ сынап, жүлдесіз оралған емес. ҚР Тәуелсіз­ дігінің 30 жылдық мерейтойына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат» атты бағдарламалық ма­ қаласын педагогтермен білім алу­ шылардың арасында кеңінен наси­ хаттау мақсатында өткен «Әлихан оқулары» атты республикалық бай­ қауының 1 орын иегері. Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы – дүр Жамбыл» атты оқушылар арасындағы облыстық жаз­ ба ақындар мүшәйрасының 2 орын иегері. Жалпы білім беру ұйымдарының мектеп оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» аудандық пікірсайыс турнирінде 1-орын, облыстық сында 3-орынмен оралды. Міне, осындай да­рынды жастың келешегінен күтеріміз көп. Әселдің Мағжан ақынға арналған өлеңі былай өріліпті:
...Мен, сұрағым келеді кешірім,
Өзгертпей өткеннің шешімін.
Бұрылып тарихқа барамын,
Еріксіз қағамын есігін!
Кешірші, Мағжандай алыбым,
Сен үшін тарихқа налыдым.
Үлгі ғой десе де біздерге,
Өр бейнең, өзгермес қалыбың.
Кешірші, батырым, ақыным,
Еліне ер болған жақыным.
Сен бізге тірексің, жүрексің, Жатса да арада ғасырың.
Өзгерте алмаспыз өткенді, Тарқата алмаспын өкпеңді.
Жырыңды жырладың ұлт үшін,
Демеймін мен сені кектенді.
Деседе кешірім сұраймын,
Шаршамай өтсе де жыл, ай, күн.
Ажалың адамнан болды ғой, Жетпестен күні де Құдайдың.
Тағы да кешірім сұраймын....

Әлібек Жарықбаев

03 шілде 2022 ж. 334 0